Previous Page  129 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 278 Next Page
Page Background

-129-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Сонымен қатар, хадис шәрифте айтылған:

«Кімде-кім қайғылы жағдайда ұшыраған біреуді

жұбатса (материалдық және рухани қол ұшын созып,

көңілін хош тұтса), оның сауабының бір есесі де оған

беріледі».

(Рамузул Әхадис)

Осындай

сырмен өмір сүруіміз ке-

рек.

Өйткені, біз сол қайғылы жағдайға ұшырағандардың

орнында болуымыз, ал, олар да біздің орнымызда бо-

лулары мүмкін еді. Сондықтан, өмір сүріп жатқан осы

жағдайымызға шүкір ету ретінде оларға беріліп отырып

жәрдем етуіміз керек. Апат болған аймақтардағы бейша-

ра жаралы, мұңды және шаршап - шалдыққан адамдарға

«шәфкат ли халқилләһи» сезімімен қолдарымызды созып

көңілдерімізді білдіріп, шамамыз келгенше рахымдылық

көрсетуіміз керек.

Хазіреті Мәуләнәнің:

«Осындай жағдайда сен Аллаһқа жалбарынуға бет

бұр!. Ыңырсып жыла, тәсбіге жабысып, салих (ізгі)

амалдарды көбейт!»-

дегені сияқты істеп жатқан салих

амалдарымызды көбейтуіміз керек.

Өйткені,

біз

мыңдаған

құлдардың

өлімімен

нәтижеленген қайғылы апаттан кейін қайтадан дүниеге

жіберіліп,өздерінесалихамалістеумүмкіншілігіберілген

адамдар сияқтымыз. Енді, бейне жаңадан бағышталған

өмірде сүріп жатқанымыз соншалық осы орайда махшар

күні: «Ей, Раббым! Бізді қайтадан дүниеге жібер, салих

амал істейік,» - деуге де сылтауымыз қалмайды. Ондай

болса бастан өткен ауыр ескертпелерге толы оқиғалар

көкейіміздің ашылуына, оянуымызға дәнекер болып,

«Өлместен бұрын өліңдер!» хадисінің сырымен өлімге

және о дүниеге терең ой жүгірте отырып, өмірімізді

Аллаһтың ризалығына сай тәртіпте бір жүйеге келті-

руіміз ләзім. Әсіресе Аллаһқа тәуекел ету мен Оның

істегендерінің бәріне риза болу тыныштығы мен үміт пен