Previous Page  126 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 278 Next Page
Page Background

-126-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Оқиғаның тек ақылмен аңғарылатын жақтарын көріп,

рухани себептерді көрмеу тым үлкен қате. Тіпті кейбір

ғапылдардың Аллаһқа қарсы келулеріне өкінетіндеріне,

керісінше одан ары қасарысып қалғандары нағыз

адасқандық. Әлі апат аяқталмай тұрғанның өзінде осы-

лай!..

Хазіреті Мәуләнә осындайларға былай дейді:

«Дерттеріне дауа ретінде келген иләһи ескертулерден

көңілге шипа беретін бір дәрі ретінде пайдаланудың ор-

нына оны жан алушы бір «у» секілді көргендерге қандай

өкініш! Міне, сондықтан да Аллаһ Тағаланың қаһар

пердесі, олардың көздеріндегі соқырлықты күшейтуде.

Сөйтіп, олар алдарында өздерін күтіп тұрған отқа толы

тозақтың шұңқырларын көре алмайды! Жағдайларына

әттеген - ай!..»

Келген апаттарға қарсы әлбетте, шаралар қолдану ке-

рек. Қолдан келетін күш - қайратты көрсетіп, Аллаһқа

тәуекел ету керек. Өйткені бос құр тәуекел дұрыс емес.

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) жығылуға сәл-ақ

қалған бір дуалдың жанынан қашып бара жатқандай,

тез-тез өтіп кетті. Жанындағылардың біреуі:

– Ей, мұсылмандардың халифасы! Аллаһтың

тағдырынан қашып бара жатырсың ба? -деп сұрады.

Жауап ретінде Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):

– Аллаһтың бір тағдырынан екінші бір тағдырын па-

налап жатырмын - деді. Сонымен қатар материалист

көзқарасымен қарайтындар шараның рөлін асырып жібе-

реді де:

«Үйлер сапалы түрде салынғанда, бұл бәле басымызға

келмес еді» - деп ойлайды.

Алайда, болатын іс иләһи тағдырға жазылғандықтан

қаншалықты шара қолданылса да, Тәңірдің қалауы іс-

жүзіне асады. Мысалы жер сілкінісі 7,4 бал күшінде