-122-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көтереді, кейде төмендетеді. Кейде бүтін, кейде шашы-
лып төгілген күйге салады. Оны кейде оңға, кейде солға
апарады. Кейде гүлістанға, кейде тікенге айналдыра-
ды...»
Өйткені Хақ Тағала бұл әлемнің сынақ әлемі болуын
мұрат еткен. Сондықтан, бұл әлемде «кәр» мен «ілтипат»
сияқты бір-біріне қарама-қарсы екі көрініс жаратқан.
Аллаһ Тағаланың құлдарына деген сыйы олардың өз
хақы болмағанымен, кейде шынайы дұға мен жалбары-
ну, садақа сияқты түрлі салих амалдар арқасында да бе-
ріледі.
«Кәр», яғни бақытсыздық көрінісі болса, әуелі ха-
рам, зұлымдық және көпшіліктің азғындық жолына
түсуіне байланысты пайда болады. Сонымен қатар кейде
құлды сабыр, тәуекел және жан - тәнімен берілу сынағын
іске асырып, сол арқылы оның мәртебесін көтеру үшін
көрініс табады. Осылайша Хақ Тағала құлдарын кейде әр
түрлі тәсілдермен сынайды. Бұл жайлы Құран Кәрімде
төмендегідей баяндалады.
«Біз сөзсіз сендерді аздап қорқытып та, ашықтырып
та, мал-жандарың мен шаруаларыңды кемітіп
(кедей-
лікпен)
сынаймыз.
(Ей, Пайғамбарым!)
Сабыр-тақат
қылғандарды қуандырып қой».
(Бақара, 155)
Пайғамбарлардың өзі бейкүнә болғанымен өте үлкен
қиындық шеңберінен өтулері осы сырға байланысты.
Әйюбтің (аләйһиссәләм) сондай сынақтан өтуі назар
аударарлық жәйіт.
Аллаһ Тағала бұл ұлы пайғамбарын сынаймын деп
әуелі оныңмал -мүлкіналды.Біртасқынсуменқойларын,
желдің күшімен егіндерін типыл етті. Сосын үлкен жер
сілкінісімен балаларының жанын алды. Кейін осы ауыр
сынақ алдында ешқандай абыржымастан үндемей үлкен
тәуекелге бел байлап ризалығын көрсете отырып өмір
сүріп жатқан Хазіреті Әйюбке ауыр бір ауру берді. Әйюб