Previous Page  120 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 278 Next Page
Page Background

-120-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Ішінде жүргеніңіз мына дүние шекаралы әрі фәни.

Асылы, мәңгі әрі соңы жоқ ақырет жұрты. Ақыл - есіңді

жина да, бұл дүниенің солғын тартқан сұлулықтарын,

бәрі-бір бұзылатын түрлері мен әжімделген суреттерін

мәңгі әлемге қарсы жан-дүниеңде бір пердеге айналдыр-

ма!»

«Бұл дүние сенің көзқарасың бойынша не ғүрлым үлкен

де шексіз болса, біліп ал, иләһи құдірет алдында ол сол

гүрлім бір шаң тозаңындай да жоқ. Көзіңді ашып, дұрыс

қара! Жер сілкінісі, дауыл, су апаты, дүниені және оның

ішіндегілерін қандай жағдайға келтіретінін!»

Міне, дүниемізде болып жатқан тіпті, махшар күнінің

кішкентай бір көрінісі ретінде іске асып, адамның үрейін

ұшыратып қорқынышты сахналар. Міне жермен - жек-

сен болған ғимараттар! Міне, Хазіреті Пайғамбардың

бір қиямет ғаламаты ретінде айтқан кенеттен, түгелдей

өлімдер.

Бұлардың бәрінде біз үшін саны жоқ сабақтар мен

ғибраттар бар. Сөйтіп, бастан өткен апатты сыртқы себеп-

терден гөрі рухани бір көріністен талдап, ғибратқа толы

үлкен бір пәлекетке иләһи тағдыр жағынан қарау және

оны материалист көзқарасымен емес, иман мен ислами

өлшемдермен баға беру мәселесінде қателеспеу керек.

Бүкіл әлем кішкентай әлемнен үлкен әлемге және

болашақтағы нормо әлемге дейін иләһи бір жүйе мен

ұқыптылықпен бағдарлама жасалған. Күн мен аспандағы

көптеген үлкен массалардың қимылдары, бір атомның

ішіндегі ең кішкентай болмыстардың айналынулары,

сырлы сәулелерге дейін барлығы ақыл-ой, қиял сезімде-

рі жетіп түсіне алмай құдірет ағыстарымен жалғасады.

Иләһи еріктің жоспарына әрбір нәрсе мойын иген.

Имансыздың өзі Күн жылдамдығының көбейіп-азаю-

ына, тәуліктің 24 сағаттан азайды немесе одан көбейіп

кетуіне жорамал жасамайды. Ұжданымен де болса,