Previous Page  116 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 278 Next Page
Page Background

-116-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Әлиф, Ләм, Мим. Адамдар «иман келтірдік» деумен

ғана сыналмай қала береміз деп ойлай ма?»

«Шынында олардан бұрынғыларды да сынағанбыз.

Аллаһ әлбетте шыншылдарды да, өтірікшілерді де әбден

біледі».

(Анкәбут, 1-3)

Бірақ «ықыластың»мән-маңызын дұрыс түсіну қажет.

Кейбіреулердің ықыласпен амал ете алмай, рияхор

қорқынышы арқасында істеп жүрген амалдарын тастауы

әсте дұрыс емес. Демек, орындап жүрген амалдарды та-

стау емес, оларды мүмкіндігінше ішкі жан-дүниесімен бі-

ріге отырып, тазалап кемелдендіруге қайрат көрсетуі ке-

рек. Себебі, ықылас жолы ауыртпалыққа толы. Нәпсінің

қалағандарына қарсы күрес жүргізу керек. Ал, бұл болса,

оңайлықпен қол жеткізетін нәтиже емес. Шын мәніндегі

ықылас пенденің рухани жоғарылауындағы бір шың.

Шыңға да қадамдап шығылады. Бұл жолда пенделік

ерікті қолданып, әрі Аллаһ Тағаладан ғинаятын тілеп от-

ыру керек.

Жүректі мәсиуәдан, яғни, Аллаһ махаббатынан тыс

барлық нәрселерден қорғап, ықыласқа бағыттап отырып,

«Қалби сәлимге» (шынайы жүрек) жетудің ең күшті

жолы, мына сипаттармен жабдықталуға байланысты.

1. Зікірдің арқасындаАллаһ (жәлләжәләлуһу) пен бір-

ге бола білу үшін ихсан сезіміне жету, яғни, өзінің ұдайы

түрде Аллаһ Тағаланың бақылауында болғанын сезіну.

2. «Рабыта» арқылы әуелі Хазіреті Пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), сосын садық пен

салихтарға сүйіспеншілікті үнемі жаңа қалпында сақтай

білу, олардың қимылдарын өзіне үлгі тұту, осылайша

иләһи нәр делінген рухани қуатты иемдену.

3. Сұхбат арқылы иман бауырластығын іс-жүзіне

асырып, мейірімділік ықыласпен берілу әрі өзінің

мүмкіншіліктерін басқалармен бөлісу тіпті басқаларүшін