-131-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Халифа Харун Рашид моншаға барады. Моншадағы
қызмет оның үстіне байқамастан қайнаған су төгіп жібе-
реді. Күйіп қалған денесі қатты аурып тұрған Харун Ра-
шид сыртқа шығып, көптеген садақа таратты да:
«Бүгін моншаның қайнаған суына шыдай алмай жа-
тырмын, қиямет күні тозақ отына тастаса, жағдайым
қандай болмақ!» - деді.
Демек, осы хикаядан да байқайтынымыз, демек ариф-
тер (Аллаһты шынайы танушылар) әрбір істерінде иләһи
хикметке бет бұрады, әрі келешектегі ақырет әлеміне
қобалжып дайындалып жүреді. Олардың тек қайғылары
- тәңір құзырындағы жағдайлары қандай болмақ! Юнус
Әміренің төмендегі өлеңі бұл қайғының түсіндірмесі.
Ғажап бұл менің жаным,
Азат бола ма, ей, тәңірім.
Немесе жеті қабат тозақта,
Күлге айнала ма, ей, тәңірім.
Ғажап менің бұл халім,
Жер астындағы жағдайым,
Барып жататын жерім,
Шаянға тола ма, ей, тәңірім.
Юнус қабірге барғанда,
Мүңкәр - Нәкір келгенде
Раббың кім сенің - дегенде
Тілім кәлимәға келе ме?!
Олардың бұл қайғылары төмендегі хадис шәрифте
баяндалған:
«Егер білгенімді білсеңдер аз күліп, көп жылай-
тын едіңдер»
.
(Мүслим, Фәзаил, 134)
Сондықтан дүние мен
ақыретте тыныштық пен бақытқа кенелу үшін бұл пәни
жалғанда рукуғ мен сәжделеріміз, дұға мен жалбары-
нуымыз, құлшылықтың көз жасымен иленіп, Хақтың
рахымдылық дариясына кіру керек.