Previous Page  107 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 278 Next Page
Page Background

-107-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

нәпсілік істерде Аллаһ Тағаланың басқа мақлұқтарымен

бірдей болған адам баласы, бүкіл іс-әрекетінде дүниде,

тәндік және нәпсілік жағынан жай табуды көздеу сияқты

бір төменділіктенқұтылып, олардыАллаһтыңризалығын

алу мақсатына бағыттаумен өз жаратылысындағы

кәмілдікті, көркемдікті ортаға шығара алады. Ал, бұл

болса, Аллаһтың ризалығын өмірдегі жалпы, шексіз

мақсат халіне келтіру деген сөз. Сонда бүкіл істері, осы

мақсат орайына болғандықтан руханилік сипатын алып,

ғибадат дәрежесіне көтеріледі. Ұйқы, ішіп-жеу, бала-

шаға және дүние-мүлік иемдену сияқты шексіз пенделік

істер әрқашан Аллаһ ризалығын алуға себепкер болатын

жағдайда жалғастырылғанда шын мәнінде құлшылық

пен жақсылықтар категориясына кірген болады.

Бұлжағдайда адамның ұлыжаратылысынажарасатын

бір қабілеттілікпен Хақ Тағаланың ризалығынан басқа

бүкіл армандарды көңілден шығарып тастау, мұсылман

көрсетугеміндетті болғанүлкенқаһармандық.Сондықтан

Аллаһ құзырында амалдардың қабыл болуының негізгі

шарты – ықылас.

Ықылас – Аллаһ Тағалаға жақындай алу мақсатымен

әр түрлі дүниелік мүдделерден жүректі қорғай білу.

Ықыластың жемісі болса, Ихсан. Бұл құлдық Аллаһты

көріп тұрғандай құлшылық етуі, жүріп-тұруы, өзін үнемі

Аллаһтың бақылауында болғанын сезінуі.

Ықылас құлдарды ең үлкен қайыр болып саналатын

Аллаһ ризалығына жеткізеді. Мақлұқтарының амалда-

рынан Аллаһтың қалағаны тек өзінің ризалығына қарай

жөнелген ықылас. Төмендегі аятта былай айтылған:

«

(Ей Пайғамбарым!)

Бұл кітапты саған расында

ақиқатпен

(ақиқатты қамтыған түрде)

түсірдік. Ондай

болса сен де, дініңді кіршіксіздендіре отырып

(нағыз ар-

нап),

Аллаһқа құлшылық қыл».

(Зүмәр, 2)

«Мен дінді кіршіксіздендіре отырып, Аллаһқа

құлшылық етуге бұйырдым, деп айт».

(Зүмәр, 11)