-105-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһқа шынайы болу
ЫҚЫЛАС
Имам Кушейри
әңгімелейді:
«Қорасан патшасы әрі қаһармандарынан Амр бин Ләйс
қайтыс болғаннан кейін, оны салих (ізгі, тақуа) бір кісі
түсінде көреді, араларында төмендегі әңгіме өтеді.
–Аллаһ саған не істеді?
–Аллаһ мені кешірді.
–Аллаһ сені не себептен кешірді? Аллаһ сені кешіре-
тіндей тірі кезіңде қандай іс істедің?
Амр бин Ләйс:
–Бір күні биік төбеге шыққан едім. Сол жерден
әскерлеріме қарадым. Олардың көптігі мен салтана-
тын көргенде: «Әттең, Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) уақытында болған соғыстарға әскеріммен
бірге қатысып, оның жолында жандарын пида еткен
бақтиярлардан болсам едім» - деп іштей өкіндім. Міне,
осы құштарлығым мен ниетімдегі ықыластың арқасында
Аллаһ Тағала маған рахым етіп, менің күнәларымды
бағыштады, әрі мәңгі бақытын сыйлады.
Бұл оқиға ықылас пен шынайылықтың мұсылман
үшін қаншалықты маңызды екенін көрсететін бір кере-
мет мысал. Сондықтан, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм):