Previous Page  101 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 278 Next Page
Page Background

-101-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Біз олардан

(Қурайш кәпірлерінен)

бұрын өздерінен

де қуатты болған үмбеттерді ойрандап жібердік. Олар

көп жерді кезіп, тауларды ойып паналады, қашатын те-

сік іздеді. Қане қашып, құтылар жер тапты ма? Сөзсіз

осының өзінде (ақиқат үстінде ой жүгірте білетін) жүрегі

барларға, немесе ынтамен құлақ салатындарға ғибрат

бар екені даусыз».

(Каф 36-37)

«Олардан кейін басқа ұрпақтарды барлыққа келтір-

дік...».

(Мүминун, 42)

«Залым қауымдардың талай қаласын ойрандадық,

олардан кейін (орнына) басқа талай халайықты

жараттық».

(Әнбия, 11)

«Аллаһтың ұстап, алуы

(жазасы)

расында күйзелткіш

әрі қатты!».

(Һуд, 102)

«Расында сендердің маңдарыңдағы қалалардың та-

лайынойрандадық.Олар

(бәлкімкүпірліктерінен)

қайтар

деп аяттарымызды қайталай жария еттік».

(Ахқаф, 27)

«Серт, біз

(бұрынғы үмбеттерден

) сендер сияқтыларды

ойрандап жібердік. Сонда ғибрат алушы бар ма?

(Қайда,

есін жиғандар?)

».

(Қамәр ,51)

Ұлы жаратушы иеміз - Намруд жаққан отты Хазіреті

Ибраһим иманымен гүлістанға айналдырған, Перғауын-

ның салтанатынХазіреті Мұсаның асасымен (таяқ) астан-

кестен еткен, Қағбаны жығып тастауға келген Әбрәһәнің

пілдерімен әскерлерін кішкентай құстармен қырып са-

лып, Меккенің айналасын піл мазаратына айналдырған,

осындай азғын қауымдарды жермен жексен еткен, Хазі-

реті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «періш-

те, жел, қорқыныш» сияқты көрінбейтін әскерлермен

күшейте отырып, оны жеңіске жеткізген күйзелтуші бір

құдірет иесі. Осылайша, иман мен исламға қарсы байрақ

көтерген әрбір кәпір Аллаһтың кәрінің шеңгеліне түсіп,