-103-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жабдықтар жаратылыс мақсаты бойынша құлды иләһи
ақиқатқа жеткізу үшін берілген Жаратушының үлкен
сыйы.
Көз
– сыртқы әлемдегі ақиқат жарығын көру,
құлақ
- иләһи шындықты есту,
қол
– жақсылықтарға қол
ұшын беру,
аяқ
– жақсылықтар мен ел қызметіне қарай
жүру,
тіл
– ділден шыққандарды сөйлеу және иләһи
сөздерді оқып, жүректің Аллаһты зікір етіп, жайғасуы,
сезім
– сыртқы әлемдегі құдірет, құбылыстарды сезу,
ар-ождан
– ішкі жан әлеміндегі қасиетті жарықтарды,
рухани байланыстарды жинау үшін берілген. Бұл нұрлы
ұйымды күпірлік пен пасықтықта қолдану жаратылыс
мақсатына қиянат, әрі Жаратушыға қарсы келу деп та-
былады. Оларды орын – орнында пайдалану- жаратылыс
мақсатына бет бұру мен жан-дүниені рухани тіршілікпен
қоректендіру болып саналады.
Дінді өз қорғауына алған Аллаһтың (жәллә жәләлуһу)
құдіреті мен ұлылығы алдында мұсылмандарға, Құранға
зорлық-зомбылық көрсетіп шабуыл жасағандардың ерте-
лі-кеш, әйтеуір бір Аллаһтың қаһарына ұшырайтындығы
шындық.
Көкіректерді улы жылан секілді ұял ған, кейде-кей-
де ығыр ететін топтарымен қимылдайтын, улы ауыз-
дар мен сезімсіз жазушылардың тап-таза діндарларды
қаншалықты ренжіткендері баршаға мәлім.
Мұны жақсы білу керек – жаратылыстағы асыл текті,
Аллаһтың жаратқанын өзгерту әсте мүмкін емес. Дін-
сіздікті зұлымдықпен жайыу үшін тер төгіп жатса да,
діннің рухпен, ұжданның тереңдіктерінде орналасқан
ұлы негіздерінің өсіп-өнуіне кедергі бола алмайды.
Құлдың жаратушы иесі болған Раббысына жақындау
мұқтаждығы тоқтатыла алмайды. Жаратылыстағы ұлы
шаттығуларды, сезімдерді тоқтату мүмкін емес. Себе-
бі, иләһи құдірет дінге деген мұқтаждық пен Раббыға