-99-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
өтеп отырды. Аштық, зұлымдық Эфиопияға хижрет
ету сияқты көптеген қиыншылықтарды бастарынан
өткізуі, тек имандарының ақысын өтеулері еді. Ақыры,
барлық жағынан Исламның жүрегі әрі берекелі бір өлке
болған Мәдинәда ұлы Ислам өміріне қол жеткізді. Аллаһ
елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Тайфта тартқан
қиыншылығы, жәбірленуі, оны ешбір Пайғамбарға нәсіп
болмаған «Миғраж» нығметіне қауыштырды. Соны-
мен қатар діни өмірді өз қорғауына алған Аллаһ (жәллә
жәләлуһу) құдіреті мен ұлылығына мән берілмей иман
еткендерге қарсы істелінген дінсіз іс-әрекеттерді де ешбір
уақыт жазасыз қалдырмаған.
Адамзат тарихы – иман мен әдептілік жолынан тай-
ып кеткендерге қарсы іс-жүзіне асырылған иләһи азап
пен қаһарға толы. Нух, Ад және Сәмуд қауымдарының
тәкәппарзалымадамдарыПайғамбарларменқарсыласып,
өзін «Құдай» деп санаған және де соңында суға ба-
тып өлген Перғауын, бір шіркейдің өзі шағып өлтірген
Намруд, өмір сүру тәрізі хайуандардан да төмен болған
ұятсызЛутқауымыменосыларғаұқсағандарбұлдүниеден
зұлымдық, жауыздық пен Аллаһқа қарсы келуден басқа
ештеңе де істемей өтті. Олардың соңынан жеті қабат
аспан жыламады, көз жасын төгіп жылаған, мұңайған
ешкім жоқ. Керісінше, жәбір шеккендердің көз жасы,
қарғыстарыныңарқасында олар тарихтыңқоқыстығында
жоқ болып кетті. Салтанат құрған жерлері қазіргі таңда
жермен жексен болып кеткен, иттер мен жапалақтар
ұялаған. Күпірлік, қарсы келу, зұлым мен ақы деген ата-
улыны аяқ асты ету тарихы, тәңір қарғысына ұшыраған
сахналармен толы.
Аллаһқа, Пайғамбарлар көрсеткен дұрыс жолға
наразылық көрсетіп, қарсы келіп иман келтіргендерге
зұлымдық жасағандардың ертелі-кеш иләһи құдіреттің