-98-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Раббымыз! Бізге мол сабыр - шыдам берегөр әрі
мұсылман қалпымызда жанымызды алғайсың!».
(Ағраф, 126)
Қорыта келе сиқыршылар Перғауынға әсте иілмеді,
қорқытқандарына қарамады, соңында қолжеткізген тура
жолдың (һидаят) төлемін, аяқ-қолдарының кесілуімен
төлеп, шейіт, әулие мерейіне ие бола отырып, Жаратушы
иелеріне қауышты.
Залымдар келтірген имандарын қылмыс санап «Ас-
хаб Ұхдуд»ты терең орға тастап өртеп жіберетін. Осыған
қарамастан шынайы мұсылмандар имандарынан бас
тартпады. Алдарына койған мақсаттарының жолында
қорықпай өлімге бас тігіп, имандарының төлемін Аллаһ
(жәллә жәләлуһу) алдында қарыз санап адалдықпен
өтеді. Аллаһ Тағала да оларды таңдаулы әрі ізгі құлдар
қатарына қосты. «Асхабы қариядан» болған Хабиб
Нәжжар иман етіп, түзу жолға шақырғандығы үшін тас
боранымен өлтірілді. Бірақ, соңғы сәттерінде оған беріл-
ген иләһи сыйлар көрсетілді, сол кезде ол өз қауымының
қараңғылығына жаны ашып тұрып:
«Әттең, қауымым осыны білсе еді!»
(Ясин, 26)
- деді. Се-
бебі, тас боранға тұтылып, шейіт етілгеннен кейін, өзіне
мәңгілік бақыт бағышталған еді.
Тағы бір мысал. Христиандықтың алғаш рет жайылып
жатқан кезеңінде римдіктер, гректер мен пұтқа табыну-
шыларбірігіп,иманеткендерді,циркалаңындажыртқыш
хайуандарға жегізетін. Бірақ, шын мәнінде иман кел-
тіргендер бұл зұлымдыққа шыдап, Аллаһ құзырындағы
ұлы сыйлықтарды қалады да, имандарының төлемін
арыстандардың аузында жілік-жілік бөліне отырып
өтеді, сөйтіп, мәңгі бақытқа бөленді.
Алғашқы мұсылмандар да Мекке дәуірінде хижретке
(көшу) дейін он үш жыл бойы имандарының ақыларын