Previous Page  94 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 278 Next Page
Page Background

-94-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ғана сыналмай қала береміз деп ойлай ма?»

«Шынында олардан бұрынғыларды да сынағанбыз.

Аллаһ әлбетте (дін мен иман турасында) шыншылдар-

ды да, өтірікшілерді де әбден біледі»

(Анкәбут, 1-3)

сүресін

бұйыра отырып, иман мен сынақтың бір-бірімен байла-

нысты екендігін баяндаған.

Бұған қарағанда, иман – бір сый, ал сынақ болса

– оның таразысы, құлдан талап етілген – сабырлық пен

жан-тәнімен бой ұсынып, иманын қорғауда, оның төлемі.

Яғни, Аллаһ Тағала берген сыйының ұлылығы мен қадір-

қасиетін түсіндіру үшін құлдарына тағдыр етіп қойған

сынақтармен олардың шама-шарқы бойынша бейне бір

төлем талап етуде. Аят кәримадағы:َ

� �

�َ�ْ�

ْا

�ُ�َ� �

َن

�ِ�ْ �ُ�َ�

َا

�ْ�َ

ْ و َا

�ُ�َ�ُ�ْ�َ

نَ ا

�ُ�ِ�ْ�ُ�ْ�

َا

�ِ�

َى

�َ�ْ�

َا

ا

اِن

«Анығында Аллаһ мүминдердің жандарын малда-

рын жәннәтқа айырбастап алды...» -

(Тәубе, 111)

деген

баяндама, осы шындықтың көрінісі болып табылады.

Сондықтан Аллаһтың ризалығына ие болу үшін Ол талап

еткен төлемдерді (жан, дүние, мал-мүлік, сүйіспеншілік

т.б. нәрселер) шын көңілмен Оның жолында пида ету

иманның кемелденуіне дәнекер болады. Мұсылманның

мына емтихан дүниесіндегі шеккен қиыншылықтары,

тартқан азаптары мен еңбектерінің ақыреттегі табысына

төлем ретінде жазылатынына еш күмән жоқ.

Екінші жағынан дүние қызығына алданып жүрген

имансыздардың Құранға, діні бойынша өмір сүргісі келе-

тіндерге көрсеткен жәбірлері істеген шабыуылдары бол-

са – олар үшін мәңгі азабы, қиыншылығы бар тозақтың

күйзелтуші төлемі. Себебі, олар екі жақтап азапқа лайық

болыптұр.Біріншісі –иманкелтірмегендері үшін, екінші-

сі – мұсылмандарға зұлымдық жасағандары үшін. Осын-

дай қиын-қыстау замандарда құлшылық етіп, ізгі істер-

мен шұғылданып ықыласты болу, әрі Аллаһ елшісінің