-89-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
дар әлеміндегі құдірет ағыстарын тамашалап, Аллаһтың
алдында сәждеге бас ұрады да, әлсіздік пен ештік (құл
өзінің еш құны жоқ екендігін түсінеді) теңізінде бақытты
болады. Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):َ
�ِ�ْ�َ� �َ�َ�َ �ْ�َ�ْ�َ
ا
�َ�َ�َ �ْ�َ
َا
�ْ�َ�َ�ً
ء
�َ�َ� �ِ�ْ�ُ
َا
�
«Тәңірім! Сені лайығымен танудан және саған
шын мәнінде мадақ айтудан әлсізбін. Сен өзіңді қалай
сипаттасаң сондайсың!»
(Ихяу Улумиддин, ІІ, 179)
деп
бұйырған сөзінен несібесін алады.
Нәпсінің қолынан құтылу, бақыт құсының қапастан
құтылуына ұқсайды, енді оған аспандағы ұлылықтың
есіктері ашылды.ِ
�َ�ُ�ْ� �
��
ا
�َ�ِ
ْا
�ُ��ِ�ْ�َ�ِ�
ا
�ُ�ْ�ُ�َ �َ
و
«Өздеріңді өз қолдарыңмен ойраншылыққа, қауіп-
қатерге салмаңдар!»
(Бақара, 195)
аятын тәпсіршілер ишара
ретінде, адамның болмысында патша дәрежесінде болған
рухты, арзымайтын нәрселердің соңында жүрген нәпсіге
тұтқындап беріп қалжыратпау керек деп түсіндіреді.
Сондықтан қандай жағдайда болмасын рухани бір
тәуіпке мұқтаждық айдан анық. Себебі, жан-дүние тәнге
қарағанда көбірек қорқынышты ауруларға шалдығады.
Нәпсі бір ағашқа ұқсайды. Шикі, піспеген жеміс
қаншалықты ағашқа қатты жабысып тұрса, шикі рух-
тар да соншалықты нәпсіге тұтқындалып тұрады. Бірақ,
піскен жемістер қалайша ағаштарынан түсіп кетіп жат-
са, піскен, жетілген және кемелденген рух иелері де
солай нәпсіден сырылып кетеді де, Хаққа апаратын
әлемнің шын мәніндегі жолаушысы болады. Қолындағы
мүмкіншіліктерді барынша қайырға жұмсайды. Міне,
осындай адамдар – «өлместен бұрын өлу» сырын түсінген
адамдар.