-87-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
кәміл (пір) дәрісті мүридтің өзіне жеке болғанда ғана бе-
реді. Бұл жағдай Тасаввуф атау сөзі бойынша - халвәт деп
аталады.
Хикаямыздағыкәмілпірдеемделушіменжалғызқалуы
осы талап-сұраныс денгейі бойынша жеке қалған. Екінші
жағынан, Хақ жолына түсуге ниет еткен бір мүрид осы
жолды лайығымен пайдалану үшін піріне жүрегін ру-
хани аурулардан тазалап, оның беретін тәрбиесін жан-
тәніменқабылдауыкерек.Ал,пірболса, бұлмахаббатпен
хақиқат талапкеріне рухани ұстаздықтан басқа мақсаты
болмауы және мүридті дұрыс жолға қауіп-қатерсіз сіл-
теу жауапкершілігі мен рухани ауыртпалық сезімімен
тола болуы тиіс. Демек, бір мүридпен оған жол сілтеуші
болған иләһи көсем арасында ешқандай бөтен сана-сезім
болмауға тиіс. Яғни мүрид, мүршидінде (пірінде) фәни
болып өз болмысына тән әр нәрседен сыдырылуы қажет.
Әйтпесе ішінде неше түрлі күмәнді пікірлер мен қарама-
қайшы дауыл тұрып, тұрған бір мүридтің көңіліндегі
жасырын тікенді шығарып тастау мүмкін емес. Себебі,
дәрігерлердің өздері операция жасау үшін алдымен кел-
ген аурудың өз-өзінен сыдырылып, яғни бой ұсынуын
күтеді, содан кейін наркоз салып, ланцетпен (операция
пышағы) жарып, оны емдейді.
Қадірменді сахабалар барлық дүнияуи қалаулардан
бас тартқаннан кейін Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) беріліп бой ұсынған және оның ең кішкентай
тілегіне де шын көңілден:
«Әке-шешем мен жаным сенің жолыңда құрбан бол-
сын, уа, Расулаллаһ!»
- деген.
Бұл қайсарлық, аянбастық пен бой ұсынулықтың себе-
бі болған Пайғамбар махаббатының ең күшті көрінісі Ха-
зіреті Әбу Бәкірде (радиаллаһу анһу) орын алған. Хазіреті
СыддықтыңАллаһтың елшісіне соншалықтығашықтығы
мен махаббаты толы болатын, тіпті қасында тұрғанның