Previous Page  83 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 278 Next Page
Page Background

-83-

И

КМЕТ"

баспа үйі

Зергерге өте әсерлі бір сусын дайындады. Зергер су-

сынды ішті де, қыздың көз алдында ақырындап ери ба-

стады. Азып-тозып, көріксіз болып қалды. Күн өткен

сайын таусыла бастаған зергер, соңында күңнің көзіне

ілінбей қалды да, араға біраз уақыт салып бұл дүниемен

хош айтысып, жерге көмілді. Осылайша бейшара күң де

душар болған бұл жалған бәлелерінен құтылып, тап-таза

болды.

Мәснәуиде айтылған бұл хикая негізінде екі бөлек

адамдар арасында өткен махаббат емес. Хазіреті Мәуләнә

хикаяға кірместен бұрын баяндағаны секілді,

бұлжағдай,

негізінде, біздің жағдайымыз туралы хикая

. Яғни,

бұл хикая, рухтың Аллаһ тарапынан тән атты қапасқа

үрілгеннен кейін адам үшін басталған сынақтарға толы

сантүрлі сырлыкөріністердіқамтиды.Басқашаайтқанда,

жан-дүниеміздегі Мұса (аләйһиссәләм) мен Перғауын

оқиғасы.

Жанның рухани әлемнен бөлініп, бұл ғаламға жі-

берілуі, тән киіміне кигізіліп, нәпсіні түзелту арқылы

қайтадан Аллаһқа жақындау әлеміне (Вахдәт әлемі)

қайтарылуы, бұл хикаядағы оқиғалармен көркем түрде

түсіндірілген. Қорыта келе, хикаяда айтылған

патша

Аллаһ тарапынан адамға үрілген

«Сұлтани Рухты»

бей-

нелейді.

Күң–нәпсі

бейнесі.Ал

зергер

болса, нәпсініңөмірбойы

соңынан қуып жүрген

өткелші рахат сезімдер, дүнияуи

қалаулар, ескірген алдамшы тартымды нәрселер.

Тәуіп болса, иләһи тәуіп, яғни мүршиді кәміл (кәміл

пір).

Осыған қарағанда, адамның хикаясы төмендегідей:

Вуслат (Аллаһпен бірге болу, қауышу) сарайынан

айырылып қалған патша, яғни сұлтани рух, мағрифәт

(Аллаһты тану) аңына шыққан кезде алдынан шыға

келген күңді, яғни нәпсіні көргенде өзінің дәрежесін,