-79-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ЖАН МЕН ТӘН
(Патша мен күң)
Ең әдемі кейіпте жаратылған адам, басқа жаратылыс-
тан өзгеше екі рухтан тұрады. Біреуі-бүкіл жаратылыс-
тарда бар жан-тәнімен бірге бітеді. Ал, екіншісі:
«Оған рухымнан үрлеп жан салған сәтте...»
(Хижр,
29)
аят кәримада баян етілгендей Хақ Тағала тарапынан
жіберілген ерекше рух, тәнге ана құрсағындағы жетілу
барысындағы белгілі кезеңде кіргізіледі. Бұл рухтың
басқа бір аты «Рух Сұлтан». Ал, тәннің негізі – топырақ.
Әр нәрсенің негізіне қайта оралуы табиғи құбылыс
болғандықтан, тән топырақтан пайда болған нығметтерге
иіліп тұрады. Бұл иілу ақыры оның топыраққа кіруімен
жай табады. Рух болса, иләһи үрлеу арқылы тәнге кірген-
діктен, оның иілуі де ұлы нәрселерге қарай бағытталған.
Өмір болса, әрбір пендедегі рух пен тән арасындағы мәңгі
соғыс алаңы болып табылады. Рухтың негізінен пай-
да болған бейімделулермен тәннің кезінен пайда болған
бейімделулер арасындағы кұрестің нәтижесі, адамның
әсфәли сәфилин (төмендердің ең төмені) мен ахсәни
тақуим (жоғарылардың ең жоғарысы) арасындағы
тұрақтылық нүктесін қамтамасыз етеді.
Төмендегі әңгімеде Хазіреті Мәуләнә адам тәніндегі
рух пен нәпсі ретінде бұл екі қарама-қайшы күштің бір