Previous Page  82 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 278 Next Page
Page Background

-82-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тұр?»

- деп, ойлап жатты. Түсіндіруге сөз жетпейтін

қуанышқа бөлене отырып: «Кездескен бәлеге сабыр,

күш-қайрат көрсету арқылы қандай ұлы рухани қазына

таптым!»- деді. Кейін оған қасіретін айта берді.

«Ей, Раббымның маған жіберген сыйы!

«Сабыр –

қуаныштың кілті

»

(Дейлеми, Мүснәд 3844)

, - хадисінің тірі

үлгісі, хош келдің! Сен болмасаң, басымызға неше түрлі

апаттар, бәлелер келетіндігін түсіндім. Мына кең аспан

әлемі тарылып, бізді сыға бастайды. Міне, осы душар

болған дертім деп, рухани тәуіпті күңнің жанына ертіп

барды.

Бұл тәуіп руханият сұлтаны еді. Өте терең ойлайтын

парасат иесі еді. Хақ нұрымен ауруға қараған бойда-ақ,

оның дертін тапты:

Күңнің көңілі жаралы болатын. Оның басқа жері ау-

ырмайтын. Тек көңілі жараланып, уайым-қайғы басқан

екен.

Жағдайды патшаға қысқаша түсіндіргеннен кейін,

рухани тәуіп күңді сөйлету үшін, ол жердегілердің бәрін

сыртқа шығарып жіберді. Кейін оның тамырын ұстай

отырып, әр түрлі сұрақтар қоя бастады. Туған жерін, ба-

сына келген бәлелерді, шеккен қайғы-қасіреттерін т.б.

нәрселердіңбәрінсұрайбастады. Өйткені, текосылайғана

күңнің ешкімге ашпаған өзіне тән сырларының шешімін

аша алатын еді. Сондай-ақ,

«Самарқанд»

аты өткенде

күңнің тамыр соғуы күшейе түсті. Жүзі бір қызарып, бір

бозарды. Ал,

«Зергер»

сөзі айтылғанда есінен танып қала

жаздай, сырын білдіріп қойды.

Қалаған мәліметін алған рухани тәуіп патшадан сол

зергерді алыпкеліп, күңді оғанқосуынталапетті.Шарасы

қалмаған патша талапты орындады. Сүйгеніне қауышқан

күң күн өткен сайын бері қарап көктемдегі енді ашылған

гүл сияқты жайнап, баяғы сұлу қалпына келді.

Негізгі мақсаты патшаның дертіне дауа табу болған ру-

хани тәуіп рухани міндетінің екінші бөліміне өтті.