-77-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Асхабы Кәһфтің иті ізгі адамдармен бірге болғаны
үшін үлкен бақытқа кенелді. Иә, Құран Кәрім мен та-
рихта аты қалды. Ал, Лұт Пайғамбардың әйелі болса,
күнәһарлармен бірге болғандықтан күпірлікке душар
болды». Тағы Шәих Сади «Салих және садықтармен
жақындасу нәтижесінде пайда болған «бірдей болуды»
«Гүлістан» атты еңбегінде мысал ретінде бір хикая бере-
ді:
«Бір кісі моншаға барады. Ол жерде оған бір досы жу-
ынуы үшін әдемі иісті бір балшық береді. Балшықтан
жанға жайлы әдемі иіс шыға бастайды. Ол кісі балшыққа
қарап тұрып:
- Сенің әдемі иісіңнен есім танды. Қане, айтшы, сен
әтірсің бе, әлде хош иісті сусың ба?
Балшық:
- Мен әтір де, хош иісті су да емеспін. Кәдімгі
топырақпын. Бірақ, бір раушанкөшетінің түбіндежатқан
және раушандардың шықтарымен күнде суланатын едім.
Мына сезген көңілге шаттық сыйлайтын хош иістер сол
гүлдерге тән, - деп жауап кайтарады.
Осы мысалдан алынатын ғибрат шын көңілмен,
ықыласпен мойынсұну және кішіпейілділікпен ішкі
жан-дүниелерін Аллаһтың әулиелеріне бергендер, талап
еткен кереметтер шағылысатын бір мекен болады. Дәл
көктегі айдың өзіне тән нұры, жарығы болмаса да, Күнге
қарап алған нұр шуақтарын шағыстыру арқылы, күннің
қасиетінен алған пайы сияқты, олар да адамзаттың
зұлымдықпен қарайған түндеріне бейне жарқырап
тұратын шам болады.
Сондықтан Юнус Әмре былай дейді:
Көктен түскен төрт кітапты
Күніне мың рет оқыр болсаң,
Әулиелерге қарсы болсаң,
Аллаһтың дидары ұзақ саған!