-73-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Суларды төгіңдер, қамырды түйелерге жегізіңдер!»
- деп бұйырды.
(Бухари, Әнбия, 17)
Осы және осы сияқты оқиғалар түрлі құбылыстардың
жансыз нәрселерге де әсерін тигізіп, оларға жұғып
қалатынын көрсетіп тұрған мысалдар.
Ізгі адамдар мен пірлер, жүректеріндегі махаббат,
сүйіспеншілік пен Аллаһқа деген ғашықтық сезімде-
рін сұхбаттарына алып барады. Жүректеріндегі сыр-
лы нұрлар сұхбатқа қатысқан жамағатқа шағылысады.
Шағылысқан нұрдың әсерінен, жамағаттың көңілдері
аз қабілеттеріне қарай шаттанып, мейірімділік пен
ақиқат нұрымен нұрланады. Дәл раушан, қалампыр
және райхан гүлдері-мен безенген бақша үстінен ескен
таңертеңгі самал желінің барған жерлеріне көңілдерге
көктемшаттығын сыйлаған хош иістер секілді. Көңілдегі
қасиеттердің бүршік айтып, жоғары көтерілуі үшін ізгі
жәнесадықтардың(шыншыл)руханикүшіненқуаттануға
тырысу қажет.
Осы орайда Аллаһ Тағала (жәллә жәләлуһу) аят
кәримада былай бұйырады:َ
��ِ�ِ
د
� �
��
َ ا
�َ�
ا
�ُ��ُ�َ
َو
�
ا ا
�ُ� �
�
ا ا
�ُ�َ�َ
َ آ
��ِ��
�
ا
�َ� �
�َ
ا
�َ�
«Әй Мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар, шыншылдар-
мен бірге болыңдар!».
(Тәубе, 119)
Ахуалдың әсер етуі, жұғуы жоғарыда тілге тиек етіл-
гендей махаббат пен бірге болудың дәрежесі бойынша
іске асады. Кәміл бір мұсылман болу үшін садық және ізгі
адамдармен бірге болу, оларды сүю және оларға жақын
болуға тырысу, бұл иілудің қуаттанып, алға қойған
мақсатқа жету үшін шарт.
Баязит Бистамиге келген бір дәруіш:
- Мені Аллаһқа жақындататын бір амал үйрет! - деген-
де Баязит Бистами оған былай деп насихат еткен: