Previous Page  68 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 278 Next Page
Page Background

-68-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

бір топ періштелері бар. Олар үнемі зікір және сұхбат

мәжілістерін іздейді. Кездестіре кеткен жағдайда оларды

қоршап отыра кетеді де, былай дейді:

– Ей, Тәңірім! Бұл құлдарың сенің кітабыңды оқып,

Хазіреті Пайғамбарға (аләйһиссәләм) салауаттар айтып,

сенен дүние, ақірет жақсылығын талап етіп жатыр.

Хақ Тағала:

– Сендер куә болыңдар! Оларды бағыштадым - дейді.

Періштелер:

– Ей, жаратушы иеміз! Олардың арасында жаңылысып

келген пәленше-түгеншелер бар» - дегенде. Аллаһ:

«Менің ізгі, адал құлдарым өте керемет болғаны

соншалық, олармен бірге болғандар да жаман жолда бол-

майды, тозақтық болмайды» - дейді.

(Тәрғиб, ІІ, 402)

Бұл хадисте берілген сүйінші ізгі адамдармен бір-

ге болуды қызықтыру үшін айтылған. Себебі жүректі

Аллаһтан басқа нәрселерден мәсиуадан ұдайы қайыр

жұмыстарына бағыттау үшін,

рухани әлемінен нәр алып,

білімінен сусынданатын шыншылдармен, көкірегі ояу,

салиқалымұсылмандармен бірге болу өте қажет.

Өйткені

денедегі әрбір мүшеде ерік болғанымен жүректе ерік жоқ

әрі оған әмір жүрмейді, ол айналасындағылардан ерік-

сіз түрде әсерленеді, ішінде болған ахуалдың түсімен

түрімен жамылады. Бұл белгілі әсерлердің тамыр жайып

орналасуының алғашқыжағдайы. Кейіннен пайда болған

жағымды не жағымсыз әсерлер алғашқыларға ұқсау

арқылы немесе қарама-қайшылық себептермен жағымды

да, жағымсыз да болуы мүмкін. Егер жүрек әуел бастан

жағымды, жақсы әсерлерден нәр алмаса, өкінішке орай

қауіп қатер төнетін жағдайда қалады. Адамның руха-

ни шаттанып жоғарылауы, немесе төмендеуінде осы

әсерлер, атап айтқанда сүйіспеншілік пенжек көрушілік,

маңызды рөл атқарады. Иә, сүйіспеншілік пен жек көру

мәселесін өз орнымен пайдалану өте маңызды нәрсе.