-67-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ШЫНШЫЛЖӘНЕ ІЗГІ АДАМДАРМЕН БІРГЕ БОЛУ
Әулиелерді сүймейтін бір қараңғы, ғапыл кісі бар еді.
Бір күні Аллаһ досы сабақ беретін медресенің жанынан
өтіп бара жатып, осы үйде не болып жатыр деп қызығып,
үйдіңішінеүңіліпқарады.Іштесұхбатмәжілісіқұрылған,
иләһи нәр жаңбыры інжу-маржан секілді біртіндеп, сол
жердегілерге таратылып жатыр еді. Мұндай кереметтен
хабары жоқ ғапыл адам ернін шүйіріп өз жөнімен кете
барды.
Сол күні түнде қорқынышты түс көрді. Махшар
алаңында екен. Зәбанилар (тозақ періштелері) оны
тозаққа тастауға алып бара жатқан көрінеді. Сол кезде
күндіз үңіліп қараған үйдегі әулие алдарынан шығып пе-
ріштелерге:
«Онықояберіңдер! Себебі олбүгінкүндіз сұхбатымызға
үңіліп қатысты» - деді.
Зәбанилар:
«Жоқ! Бұл ғапыл біреу, ол тозақтық» - деп үн қатты.
Олар осылай сөйлесіп жатқанда әлгі кісі ұйқысынан
шошып оянды. Тәңертең дереу әлгі әулие кісінің сұхбат
керуеніне қарай жүгірді. Көкірегі оянған ол сол керуенге
қосылды.
Әнәс (радиаллаһу анһу) жеткізген хадис шәрифке
қарағанда, Аллаһ Тағаланың жер бетін шарлап жүретін