-69-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шын мәнінде сүйіспеншілікті лайық болғанда жек
көрушілік пен ашу ызаны тиісті орындарға көрсету
адамды бақытты етеді. Керісінше істеу яғни, махаббаты
лайық болмағанға, ашу ызаны тиісті болмаған орындарға
көрсету адамды бақытсыздыққа ұшыратады.
Бұл ақиқат көз алдында ұсталғанда ғана рухани баю
үшін Аллаһтың салиқалы құлдарымен бірге болып,
олар әсерін тигізетін шеңбердің ішінде өмір сүрудің
маңыздылығы ап-айқын көрінеді. Сонымен қатар, руха-
ни нәр көрсетілген махаббатың дәрежесіне қарай пайда
болады. Әйтпесе жай ғана бірге болу – азды-көпті пайда-
сын тигізсе де қаланған нәтижеге жеткізбейді.
«Сахаба» мен «сұхбат» сөздерінің бір түбірден бо-
луы да назар аударарлық жәйіт. «Асхабы Кирам»
(Пайғамбарымыздың қадірменді достары, сахабасы)
Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген ма-
хаббат, құрмет пен әдептілік сезімі рухани сұхбат пен
тәрбиеден мурат етілген нәтиженің ең нақты, ең кәміл
үлгісі болды. Сондай-ақ, олар жеткен рухани мәртебенің
бейне шарты ретінде Расулуллаһтың сұхбатындағы аху-
алдарын:
«Бейне төбемізде бір құс бар да, қимылдасақ ұшып ке-
теді деп, ойлайтынбыз» - деп тілге тиек етеді.
Қараңғы дәуірде тап-тақыр жер сияқты болған
сахабалардың көңілдері, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу
аләйһиуәсәлләм) сұхбатмәжілісіндегі руханиклиматтың
рахмет пен берекет жаңбырымен иленді. Осының
арқасында кезінде топырақ басып қалған теңдессіз
абзалдық пен руханият тұқымдарыбас беріп бұршік атты.
Жүректен жүрекке сүйіспеншілік ақтарылып, сахабалар
жарқырап жол көрсетіп тұрған жұлдыздар дәрежесіне
жетті. Қараңғы дәуірдің қыздарын, тірідей көметін мей-
ірімсіз, рахымсыз, арсыз, кісі ақысын аяқ асты ететін
адамдар еріген мұз секілді еріп, жоғалып кетті. Оның