Previous Page  66 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 278 Next Page
Page Background

-66-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сәлиммен

(жүрек тазалығымен, шынайы жүрекпен)

кел-

гендер ғана пайда көреді».

(Шұғара, 88-89)

Хазіреті Мәуләнә қалби сәлим жайлы төмендегі мы-

салды келтірген: Юсуф (аләйһиссәләм) сапардан оралған

досынан:

«Маған қандай сыйлық әкелдің?» - деп сұрайды.

Досы:

«Сенде не жоқ? Сенің жүзіңнен де әдемі, көрікті бір

нәрсе болмағандықтан сендегі иләһи жамал көріністерін

әрқашан айнада тамаша қыларсың деп саған айна алып

келдім…»

- деп жауап берді.

Хазіреті Хақ Тағалада ешқандай кемшілік жоқ, Ол

кіршіксіз таза. Барлық әдеміліктердің негізгі жаратушы-

сы әрі себебі. Оның ұлық құзырына кіршіксіз жүрек пен

таза көңілді (қалби сәлим) қорғап, сақтап шығу керек.

Сонда ғана Оның теңдессіз, шексіз жамалы мен құпия

болған көріністері тамаша қылынады.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Еш күмән жоқ, Аллаһ Тағала сіздердің денелеріңізге,

бет-әлпеттеріңізге назар аудармайды, ол тек сіздердің

жүректеріңізге ғана қарайды».

(Муслим, Бирр 33, Ибн Мажә,

Зүһд, 9)

Ей, Жарылқаушы тәңірім! Біздерді тура жолға өзің

баста! Пайғамбарлардың, Сыддықтардың, Шейіттер мен

және ізгі адамдардыңжолыменжүругенәсіпет!Туражол-

дан тайдырма! Адасқандар мен ашуға ұшырағандардың,

күнәһарлардың жолынан бізді сақта!

Әмин!