Previous Page  63 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 278 Next Page
Page Background

-63-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Адам (аләйһиссәләм) пайғамбардан басталған осы

қасиетті һидаят ұстыны Хазіреті Пайғамбарымызбен ке-

мелденген.

Кәпірлерді әлсіретіп, мұсылмандарды таң қалдырған

Құран Кәрім және Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) жаратылысы мен ғұмырының сиратул-мустақим

еліктенетін тек үлгі ретінде бүкіл адамзатқа ұсынылды.

Сиратул-мустақим, яғни тура жол - ізгі амалдар

жинақысы болып табылады. Амалдар ізгі болуы үшін екі

шарт бар:

1.

«Тағзим

ли

әмрилләһ»

,

яғни

Аллаһтың

бұйрықтарын жан-тәнімен орындау.

2.

«Шәфкату лиХалқиллаһ»

, яғни бүкіл мақұлыққа

Аллаһ жаратты деп мейірімділік, рахымдылық және

сүйіспеншілік көрсету.

Басқаша айтқанда истиқамәт – Аллаһ Елшісіне де-

ген махаббаты ыстық күйінде сақтай отырып, оның

үлгілі адамгершілік қасиеттеріне мінез-құлқынан үлгі

алу, Құран және сүннет рухымен өмір сүру, нәпсінің

қалауынан, дүние ләззаттарынан бас тартып, ғибадат

етудің, құл болудың әрі мағрифәттің сырларын аңғарып

өмір сүру.

Истиқамәтте, яғни дұрыс ақуал мен тура жолда болу

үшін адамның ішкі-жан дүниесін үнемі бақылап от-

ыруы ләзім. Ішкі-жан дүниені бақылап отыру деген

ұғымды білдіретін мұрақабә нәтижесінде, істелген

амалдардың, ғибадаттардың иләһи ризаға сай түрде іске

асып, аспағанын біледі. Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың

ризалығына сәйкеспейтін іс Оның алдында түкке

тұрмайды. Сондықтан ғибадаттардың сыртқы пішіні

неғұрлым Аллаһтың бұйрығына сай болуы шарт бол-

са, Оның ризалығын алуды көздеу де сол ғүрлым шарт.

Әйтпесе, ынта-ықылассыз істелінген амал сырты бүтін,

іші түтін болып қалады.