Previous Page  58 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 278 Next Page
Page Background

-58-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Олай болса Хақ Тағалаға жету үшін истиқамәттен

басқа жол болмағанындай, қайсыбір жағдайда да сол

истиқамәтті сақтап қалудан ұлы бір мәртебе жоқ, әрі,

оны лайық түрде орындау сияқты қиын бұйрықта жоқ.

Міне, истиқамәт иесі болудың қиыншылығы себебті, біз-

дер күніне қайта-қайта оқып жүрген «Фатиха» сүресінде

бұл бұйрық, дұға, сондай-ақ итиқамәтте болудың

қиыншылығын ескерту ретінде ұсынылған.

Тура жолды (истиқамәт) сұрау «َ

��ِ�َ�ْ�ُ�ْ�

َاط َا

�ِّ��

ا

�َ�ِ�ْ�ِ

إ

»

түрінде «Фатиха» сүресінен орын алуы және оның бір

мұсылманға күніне ең аз дегенде қырық рет дұға ретін-

де қайталап оқытылуы, тура жолды лайығымен сақтап

жүрудің қиындығын көрсетеді.

Құран Кәрімдегі баяндарға қарағанда сиратул

мустақим – Аллаһтың жолы, тұп-тура жол, лайықты

жол, Аллаһтың кітабы, иман мен иманға байланысты

негіздер, Ислам діні мен шариғаты, Расулуллаһтың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) және сахабалардың жолы,

әһлі сүннет уәл-жамағат жолы, ізгілер, салиқалылар

және шейіттер жолы, екі дүниедегі бақыт жолы, жәннат

жолы т.б. мағыналарға келеді. Демек, сиратул мустақим

– Хақ Тағаланың өздеріне ерекше нығмет берген сүйікті

хас құлдарының жолы. Бұл құлдардың басында әуелі

Пайғамбарлар, Сыддықтар (шыншылдар) онан кейін

шейіттер мен ізгі адамдар келеді. Истиқамәт иесі - Осы

ұлы адамдардың ізін басқандар.

Сиратул мустақим – ешбір жерінде қисық-қыңыры

болмаған түп-түзу, тұп-тура жол деген сөз.

Сиратул мұстақим – Аллаһқа апаратын жол деген сөз.

Аят кәримада былай баяндалады:ِ

َرْض

�ْ

ا

�ِ� �َ�َ

َات ِو

�َ� �

��

ا

�ِ� �َ�ُ �َ�

ِي

��

ِا

َاط ِا

�ِ�