Previous Page  56 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 278 Next Page
Page Background

-56-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Истиқамәт – белгілі бір мақсатқа жалықпай, еш

күмәнсіз және үнемі талпыну, бір қадам болса да алға

басу. Бірақ тасаввуфтағы (сопылық) термин мағынасы

– жаратылыстағы күнәсіз, кіршіксіз тазалықты харам

қылмай, қиындыққа ұшыратпай сақтай білу.

Кіршіксіз көңілді сақтай білудің нәтижесінде нәпсі

әдепті, ал жан-дүние рухани байып Пайғамбар мінез-

құлқынажақындайды. Сырларашылабастайды.Аллаһқа

(жәллә жәләлуһу) жету мақсаттардың ең негізгі халіне

келеді. Мәсиуә (Аллаһқа баруға бөгет болатын барлық

нәрсе) өз күшін жоғалтады. Мұсылман шын мәнінде

Аллаһқа жетуді қамтамасыз ететін күйге жетеді. Осын-

дай биік дәрежелерге жеткен Әлемдерге шапағат нұрын

төге келген Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) өзіне:َ

ْت

�ِ�ُ

ا

�َ�َ�ْ �ِ�َ�ْ��َ�

«Әй, Мухаммед! Хақ иеңнің өзіңе бұйырғанындай

тұп-тура бол!...»

деген аятпен ескерту жасалуы

жоғарыда айтылған жәйіттің, яғни истиқамәтте болудың

қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Осы аяттан тура болу өте қиын екендігін түсінген

Хазреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үлкен жауапкершіліктің иләһи салмақтылығы алдында

қайғыға түсіп бір күні былай деді:

«Һуд сүресі мені қартайтты»

(Тирмизи, Тәфсиру-сура (56),

6)

Риуаяттарға қарағанда ізгі адамдардан бір кісі түсінде

Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көріп

одан:

–Ей, Аллаһтың елшісі! Һуд сүресіндегі сені қартайтқан

не еді?» - деп сұрады. Хазіреті Расул Әркәм (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):