Previous Page  54 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 278 Next Page
Page Background

-54-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Адамзат

жаратылыс

тарихының

адамгершілік

қағидасының ірге тасында үнемі кәміл адамдардың

бейнесі көрініп тұрады. Көркем мінез үстем болсын деп

таққа отырғандарды бағыттаған әр қашан олар берген

тәлім-тәрбие. Осыған орай, Осман мемлекетінің алғашқы

үш ғасыры пір, ұстаз Әдәбали Хазреті және сол сияқты

кәміл адамдардың рухани көсемдігіне толы екені көпке

мәлім. Олар қай ғасырда болмасын ішінде өмір сүрген

қоғамдарын рухани бір әлемнен басқарған.

Назар салып қарасақ, Ислам тарихы бойынша болған

соғыстарда, ел үшін, отан үшін көрсетілген жан кешті

түрдегі қайраткерліктердің барлығында кәміл адамдар-

дың, яғни шынайы мұсылмандардың махаббаты, шат-

танулары, көңіл толқулары ап-айқын түрде байқалады.

Кезінде теңдессіз патша болған Яуз Султан Сәлим,

дүние-байлыққа қол жеткізгенімен кәміл, шынайы

мұсылмандардың қолдауын, олардан алған рухани нәрді

мадақтау ретінде былай деген:

Әлемге патша болу – бекер талас екен,

Бір пірге пенде (шәкірт) болу – барлығынан артық

екен.

Уа,Раббымыз!ПатшаЯузСултанСәминыңкөңіліндегі

осы махаббат отынан біздерге де бір ұшқын нәсіп

еткейсің! Рухани игіліктері арқасында жетілуімізге се-

бебкер болған достарыңның аясында болудан біздерді

мақрұм етпе!

Әмин!