Previous Page  49 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 278 Next Page
Page Background

-49-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

адамдармен қарым-қатынас жасау барысында әділетті

сақтайды.

Өзіне қарсы болғандарға да ренжімейді. Жақсылық

жасап жүрген адамы егер пақыр біреу болса қолынан

келген жақсылығын жасай беруін тоқтатпайды. Себебі,

кәміл адам Аллаһтың мінез-құлқынан несібесін алғаны

және оның ризалығын қалағандығы үшін іс-әрекеттерін

Құран Кәрім мен сүннет мөлшерімен жасайды. Өйткені,

Аллаһ Тағала, бұл дүниеде бүкіл жаратылыстың, тіпті

өзіне қарсы келушілердің де ризықтарын береді.

Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) Мыстах деген

кісіге үнемі жәрдем ететін еді. Бірақ ифк оқиғасында*

бәлеқорлардың арасында ол да бар еді, сондықтан Ха-

зіреті Әбу Бәкір: «Енді қайтып оған және жанұясына

жақсылық жасамаймын» - деп ант етті.

Хазіреті Әбу Бәкірдің жәрдемі тоқтағаннан кейін

Мыстах пен жанұясы қиын жағдайға душар болды.

Құлдарына, тіпті қарсы келушілерге мейірімді болған

Аллаһ (жәллә жәләлуһу) осы оқиғадан кейін төмендегі

аятты түсірді:

«Іштеріңдегі

шарапат,

бақ-дәулет

дарығандар

жақындарына жоқ-жітіктерге, Аллаһ жолында қоныс

аударған мухажирлерге бір нәрсе бермеуге серт етпе-

сін. Олардың қателігін ғапу етіп, кешірсін. Аллаһтың

өздеріңді жарылқауын жақтырмайсыңдар ма? Аллаһ

аса кешірімшіл, өте мейірімді».

(Нұр, 22)

«Жақсы

іс

істемеуге,

тақуалық

етпеуге,

татуластырмауға ант ішу жолымен

(Аллаһ атымен ант

ішу арқылы)

Аллаһты көлденең тартпаңдар. Аллаһ бәрін

де естуші, білуші».

(Бақара, 224)

Осы аяттардан кейін Әбу

Бәкір (радиаллаһу анһу):

*

Ифк оқиғасы:

Хазіреті Айша анамыздың намысына мұнафиқтар тіл

тигізіп, жала жапқан.