

-44-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сондықтан да ол жаратылыстардың мырзасы, ардақтысы
деп аталған.
Ол, ең ұлы дәрежелерге жеткізетін сипаттарға ие
болғаны сияқты, төмендердің ең төменіне де түсіретін
сипаттарға да ие. Адам өмірі осы екі үйек арасында,
яғни жақсылық пен жамандық арасындағы бір нүктеде
тоқтаумен аяқталатын бір күрес сахнасы. Адамды адам
еткен негізгі ерекшелік – бұл күресте жаратылыстағы не-
гізгі гауһарды қорғай білу.
Міне, кәміл адам дегеніміз осы.
Осындай адамдар, өзінде әдеміліктер көрініс тапқан
өнер туындысы, ғалам кітабының қорытындысы, Фатиха
(әлемді тану үшін алдымен адамнан бастау керек) және
жаратылыс сыры көрініс тапқан мекен болып табылады.
Кәміл
адамның
болмысының
өзі
ағзаларын
меңгергендіктен тұла бойы жүрегіндегі дәрежелердің
көрініс сахнасы болып табылады. Жүрегі болса, Аллаһқа
деген сүйіспеншілік пен махаббат мекені Мағрифатуллаһ
қазынасының бейне үлкен сарайы. Сол үшін кәміл
адамның жүрегі бәйтұллаһ сияқты болып қалған.
Кемелденген адамды шын мәнімен түсіну және
түсіндіру өте қиын.
Шейх Сади былай дейді:
«Ішкі жан-дүние – ұлы Аллаһтың назарын салатын
мекені».
Кәміл адамның сөздері – сырлы, ал істері болса – өте
түзу. ОлХазіретіПайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) жан-дүниесінен нәр алған, ішкі жан-дүние бол-
мысымен де жаңадан табылған өнер туындысы іспеттес.
Себебі, Хаққа жету және Халифатуллаһ (Аллаһтың өкілі)
болу тек қана қалби сәлим (шынайы жүрек) арқылы бо-
лады.