Previous Page  40 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 278 Next Page
Page Background

-40-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Шайтан Адамға (аләйһиссәләм) қараған кезінде,

топырақтан жаралған адамды көрудің орнына адам бей-

несінде топырақтан жиналған бір төбе көрді. Сондықтан

оған сәжде етпеді. Адам атадағы негізгі гауһарды көре ал-

мады. Оның топырақтан жаралған болмысына алданып

қалды да, Раббысына қарсы келді. Сондықтан Аллаһтың

рахымынан қуылды. Әбу Жәһил мен сол сияқтылар,

Адамды (аләйһиссәләм) топырақтан бір төбе деп ойлаған

Ібіліс секілді, Хазіреті Пайғамбарымыздағышексіз иләһи

сырларды көре алмады.

Төмендегі оқиға жансыз бірақ көңіл ояу құбылыстар

мен Әбу Жәһил және сондайлардың қараңғылықтарын

баяндайтын жақсы мысал.

Әбу Жәһил бір күні Хазіреті Пайғамбарды өзінше

сынағысы келді. Қолына тас алды да Пайғамбарымыздың

жанына келіп:

Тапшы, қане! Алақанымда не бар? Шынымен

Пайғамбар болсаң, көктегі сырлардан хабарың болса, дәл

қасыңда тұрған нәрсені дереу білуің тиіс, - деді.

Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

– Алақаныңда не бар екенін айтайын ба, әлде олар

менің Хақ Пайғамбар екендігіне куәлік етсін бе? Сенің

алақаныңдағыларды тілге келтіру Аллаһтың құдіреті

үшін оңай нәрсе. Раббым қаласа, бүкіл жансыз нәрселерге

жан бітіп, адам сияқты сөйлей бастайды. Негізінде олар

Аллаһтың құдіретімен ұлылығы жайында оның жолы-

на шын көңілімен берілгендерге талай сырларды паш

етеді. Бірақ, сен және сен сияқты қараңғылар олардың

айтқандары мен жағдайларын түсіне алмайды.

Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) осылай сөйлеп жатқанда тастарға бір-бірден тіл