

-45-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Кәміл адам:
«Шариғат – сөздерім, тариқат – істерім, хақиқат
– жалпы менің қөңіл күйімен мен жағдайым,» -
деген ха-
дистен нәр алған.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Аллаһтың
жер
жүзінде
ыдыстары
бар.
Раббыларыңыздыңыдыстарыдасалих(түзу)құлдардың
жүрегі. Аллаһ құзырында олардың ең сүйіктісі, еңжұмсақ
және ең нәзік болғаны».
(Табарани, Муснәдүш-Шамийн ІІ, 19)
Осыхадистенойтүйе отырыпкейбіреулер төмендегідей
пікірлерді айтады:
«Жер мен көкке сыймаған – мүминнің жүрегінде».
Яғни Аллаһ тек мүминнің жүрегіне ғана сияды.
Кәміл адам жарықтың айналасында ұшып жүрген
жынды көбелектер сияқты, Аллаһқа деген махаббаты
себебімен бейне еріксіз халде. Яғни, Аллаһ Тағала оның
еститін құлағы, көретін көзі іспеттес. Тағдыр кәміл адам
үшін болашақтың ең әдемісі. Иләһи көріністерді тама-
ша қылып жүргені үшін дүниеге қарасты ләззаттар, ой-
армандар оның көзқарасы бойынша түкке тұрмайтын
қадірсіз нәрсе болып қалған. Өтпелі кезеннің ешқандай
маңызы жоқ.
Кәміл адам иләһи әдеміліктерге ой жүгіртіп, тамаша-
лап, қарап отырады. Әлем және ондағы болып жатқан
оқиғалар ол үшін бір ғибрат болып табылады. Ол болып
жатқан иләһи көріністер алдында өзінің құл екендігін
және ешқандай құны жоқ екендігін түсініп, әдептілік
сақтап отырады. Сондықтан Оның тілектері көбінесе
қабыл болып, кері қайтарылмайды. Бірақ ол әдептілік
пен Аллаһқа риза болу дәстүрі бойынша өзі үшін ештеңе
сұрамайды. Дұғаларында өзіне орын бөлмейді. Жара-
тылысы мейірімділік ашытқысымен иленгендіктен
бүкіл жаратылысқа көңілінің төрінен орын берген. Ол
ғаламдағы иләһи жүйенің ең әдемі түрде, орнық-орны-