-43-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
КӘМІЛ ИНСАН (Кәміл адам)
Риуаятқа қарағанда Иса Пайғамбар (аләйһиссәләм)
алапес, екі самайы ішіне қарай кіріп кеткен кісіге
жолықты. Әлгі кісі өзінің ауруына көңіл аудармай былай
деп жатыр еді:
«Уа, Раббым! (Ей, Тәңірім!) Бүкіл мақтаулар мен
мадақтар өзіңе ғана тән, Жаратқандарыңның көбіне бер-
ген дерт-аурулардан мені құтқардың!»
Иса (аләйһиссәләм) оның көңіл күйін және имандағы
дәрежесін білу үшін:
–
Ей, пәленше! Аллаһ сені қандай аурудан құтқарып
еді соншалықты? - деп сұрады. Әлгі ауру:
– Ей, Рухұллаһ! Ең жаман ауру және пәлекет
жүректің Аллаһты білмей, танымай мақұрым қалуы.
Аллаһқа шүкір, мені одан сақтады. Өйткені, мен, Хақ
Тағала жүрегіме берген мағрифатуллаһ (Аллаһты тану)
ләззатының дәмін татып, шаттанып жүрмін. Одан басқа
дүние ләззаттарын көрмеймін де, сезбеймін.
Аллаһ Тағаланың «ахсәни-тақуим» ретінде (ең әдемі
кейіпте) жаратқан адам баласы – ғаламның өзі немесе
оның тұқымы секілді. Себебі, жәмиул адад (бүкіл қарама-
қайшылықтардыжинаушы) болған Аллаһтың барлық си-
паттарынан азды-көпті несібесін алған тек адам баласы.