Previous Page  48 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 278 Next Page
Page Background

-48-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Кәміл адамның барлық мақсат-мұраты – Аллаһтың

ризалығы. Бұл бағытта ол үшін тамақтың тәттісі де, ащы-

сы да бәрібір. Сол секілді оған аз-көп, ыстық-суық және

пақырлық пен байлықтың ешқандай айырмашылығы

жоқ. Бәрі жалған.

Кәміл адам сырт көзге бейшара сияқты көрінгенмен,

ішкі жан әлемінде сондай биік сарайлардың ішінде без-

ендірілген тақтың үстінде отырып, салтанат құрады.

Бүкіл дүние оның көзінде құм үстіндегі ойын секілді.

Сондықтан, жалған дүниеге және қандай да болмасын

нәпсінің қалауына Ол құлақ аспайды. Бүкіл істерінде,

орташа ғибадаттарында ең жақсы жолмен жүреді.

Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Сіздердің араларыңыздағы Аллаһтан ең көп

қорқатыныжәне ең тақуаларыңыз – менмін! Мен кейде

ораза тұтамын, кейде тұтпаймын, кейде нәпіл намаз

оқимын, кейде оқымаймын, демаламын, үйленемін,»

-

(Бу-

хари, Никах, 1, Мүслим, Никах, 5)

дей отырып, әр нәрсені бел-

гілі бір мөлшерде және орташа істеу керектігін айтады.

Осыған орай Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үзбей ораза ұстауды, түнімен ұйықтамай құлшылық ету-

ді және үйленбестен ғұмыр кешуді әсте жөн көрмеген.

Бірақ, ораза тұтпай, қараңғылық ішінде ұйқының

тұтқыны және нәпсі қалауының қарамағына ілініп жүре

беруге де тыйым салған. Демек, тағат-ғибадаттарымызды

ақсатпауға да, фанаттық сезімге бой ұрып, шекара-

дан шығып кетпеуге де ш қырады. Раббысына деген

құлшылық, шүкір ету ақысы, жан-ұясының ақысы және

нәпсісінің ақысы деген сияқты адамның үстінде көптеген

ақылар бар. Кәміл адам осы тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Нәзік көңілді кәміл адам берген уәдесін міндетті түрде

орындайды, ешуақытта сөзінен таймайды. Қарсысында

тұрған кісіні нәпсінің азғыруына түсіп, сөзбен немесе

қылығымен ренжітпейді. Ол Хаққа құлшылық етуде,