-47-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Міне, іс енді мәркәзін (орнын) тапты»- деді.
Бұдан кейін сол шәкірт Мәркәз Мырза деп аталды. Не-
гізгі аты болғанМұса Мұслихиддин ұмытылды да, мәркәз
деген сөз оған сипат әрі ат болды.
Кәміл адам Аллаһқа деген махаббатың қарамағында
болғандықтан, Липаның астында тұра-тұра қағаздың
жанып кетуі секілді, оның Аллаһқа деген ыстық
махаббатының алдында күйгені, соншалықты нәпсі
дәрменсіз калған. Осылайша ол нұрани тартындылық
орталығы халіне келгендіктен басқа адамдар оны
еріксіз түрде жақсы көреді, құрметтейді. Бірақ Ол
жалған ілтипат пен қошеметті жақсы көрмегендіктен
тәкаппарлық, мақтаншақтық, менсінбеушілік сияқты
теріс сипаттардың алдауына түспейді. Халықтың арасын-
да Хақпен бірге болады. «Тағзим ли әмрилләһ» (Алаһтың
әмірлеріне тағзым көрсету) пен «Шәфкәту ли халқилләһ»
(Аллаһтың жаратқандарына мейірімділік көрсету)
заңдылығымен өмір сүреді, бірақ, Аллаһқа қарсы келген
залым құлдарға ешқашан сүйіспеншілік көрсетпейді. Со-
нымен қатар мейірімділігі бойынша оларға жаны ашып,
дұрыс жолға түсулеріне дұға етеді.
Дүние-мүлік, байлық деген нәрселер,оларға тек Аллаһ
жолына жұмсау үшін ғана керек.
Кәміл адам бүкіл өмірін Аллаһты тану мен Оған жету
жолына арнаған. Сондықтан ол бұл жалғанның дерті-
не, ауыртпалығына, қиыншылығына мойын бұрмайды.
Кәміл адам, бұл дүние әлеміне: ٍ
ن
�َ� �َ�ْ�َ�َ�ْ �َ� �
�ُ�
«Әркім, әр нәрсе – фәни»
(Рахман, 26)
көзқарасымен
қарайды. Тәңірдің құпия істеріне қайран болған күйде
мәнгі болған Раббысымен бірге бола береді.