

-46-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мен жасалғанын әрі терең құпияларға толы екенін әбден
түсінген халде болады.
Сунбул Синан мырза бір күні шәкірттерінен былай
деп, сұрады:
– Егер Хақ Тағала бүкіл ғаламның билігін сіздерге бер-
се не істер едіңіз?
Күтпегенбұлқызықтысұраққашәкірттерісасқалақтап,
пірлеріне әрқайсысы әр түрлі жауап берді.
Біреуі:
– Дүниеде ешқандай кәпір қалдырмаған болар едім...
Басқа біреуі:
– Барлық жаманшылықты жояр едім...
Ал енді біреуі:
– Арақ ішкіштердің көзін құртар едім... - деген жауап-
тар беріп жатты.
Іштерінде біреуі үндемей отыр еді. Бұны байқаған пірі
оған:
– Шырағым, сен не істер едің? - деді.
Әдепті шәкірт жүзі бір қызарып, бір бозарып төмен
қарап отырып, өте жұмсақ дауыспен:
– Пірім! Аллаһтың бұл ғаламды басқаруында
жүйесінде бір кемшілік бар ма екен, мен оған өзгеше бір
нәрсе енгізетіндей!? Бір мұсылман өлсе, орнына басқа бір
мұсылман, бір кәпір өлсе, орнына басқа бір кәпір келеді.
Ғаламдағы иләһи жүйе ақыл жете алмайтын дәрежеде
құдірет ағынымен нұқсансыз жалғасын тауып жатқанда,
мен шектелген қысқа ақылыммен мынаны істер едім,
«мынаны істемес едім» - деп айту маған не теңім - деді де,
ұялғанынан төмен қарады.
Хазіреті Пір бұл жауапқа өте риза болды. Күлімсіреген
нұрлы жүзімен шәкіртіне терең назар салып қарады да
сол жердегілерге: