Previous Page  41 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 278 Next Page
Page Background

-41-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

бітіп, кәлимә шәһәдат айтты. Мұны көрген Әбу Жәһил

үрейленіп, өте қатты қорықты. Тастар қолынан түсіп кет-

ті. Иманнан несібесі болмаған қарабет Әбу Жәһил иман

етіп мәнгілік құтылуға жететін жерде:

«Өтірік, өтірік» - деп айқайлап жіберді. Кейін: «Жер

бетінде саған тең келетін сиқыршы жоқ шығар»-деді.

Бұл күпірлік көрінісімен өзіне лағынет айтылатын

кәпірлердің ең малғұны болды. Иләһи мейірімділіктен

мәңгі мақрұм қалды.

Әбу Жәһил әрі соқыр, әрі керең… Ол Хазіреті Адамды

тек топырақ төбесі етіп көрген шайтан секілді, құдайы

көріністер мен Пайғамбарымыздың нұры алдында

соқыр болды. Көздерінде ақиқат нұрын көрсетпейтін

қараңғылық, өштік пен күпірлік пердесі болғандықтан,

Әлемдердің Мырзасын өзі сияқты тек ет пен сүйектен

жарылған адам деп ойлады.

Осындай кәпірлердің қияметке дейін бар болулары

әлемге үстемдігін құрған әдетуллаһ (Аллаһтың ісі, хик-

меті) бойынша іске асады.

Бір күні Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Омар және Хазіреті

Әли (радиаллаһу анһум) бәрі бірге Ұхуд тауына шыққан

еді. Ұхұд тауы үстіндегі бұл адамдардың рухани күшін

көтере алмай сілкіне бастады. Сол кезде Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Тыныштал, ей, Ұхуд! Үстіңде бір пайғамбар, бір

Сыддық және екі шейіт бар!»

(Тирмизи, 3703)

- дегені сол-ақ

еді, үлкен тау тыныштала қалды.

(Нәсай, Ахбас 4/5, VІ,235)

Тек жансыз жаратылыс қана емес, хайуанаттар әлемі

де басқа да жаратылыстар да Аллаһтың Елшісін тани-

ды, оны жақсы көреді, оны сыйлап, құрметтейді, оған

мойынсұнады. Бізді қараңғылықтан құтқаратын Хазіре-