Previous Page  37 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 278 Next Page
Page Background

-37-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Мынаны біліп ал! Аллаһ Тағаланың шексіз

нығметтеріне бөленген құл бұл жалғандағы өткінші

қызықтарға мойын бұрмай, жүзін жаратушы иесіне

бұрады».

«Ей,

мәңгүрт!

Мұсаның

және

Ахмедтің

(Пайғамбарымыздың

көркем

есімдерінің

бір)

мұғжизаларына назар салып қара! Асатаяқ қалайша

айдаһарға айналды, құрма түбіртегі қалайша парасат

иесі болып ыңырсыды».

«Махаббаттың шынайылығын бір ағаштан тыңда

және одан ғибрат ал! Денелік әуестерге, жалған дүние

қызықшылығына мойын бұрма! Шынайы бақыттың

және дәрежелердің ең шыңың заттық әлемнің арғы

жағында болғанын біл! Біліп ал! Шынайы және мәңгі

бақыт – жалған нәрселердің тұзағынан құтылып,

тәңірге қауышу жолына түсумен болады».

Ол құрма ағашы пәни дүниеден құтылып қиямет

күнінде иләһи бақытқа жеткен адам сияқты тірілу үшін

Пайғамбарымызға (аләйһиссәләм) өзін көмдіртті.

Бір құрма ағашы Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) шапағатына лайық болды, оның көңілінен

орын алды. Бұл жалған дүние қызықшылығына алдан-

бай, кемелденген адам сияқты кемелденді. Дұғасы қабыл

болды. Өсімдік әлеміне жататын ағаш бола тұра қаншама

адамдардың қол жеткізе алмаған рухани дәрежелеріне

жетті. Бұл нендей ғибратқа толы оқиға!

Адам бейнесімен жаратылып, өзіне адам деген ұлы

ұғым берілген қаншама кісілер, сол ұлы ұғымды аяқ асты

етіп жүргендері үшін тастардан да сезімсіз, ағаштардан

да несібесіз болып жүруі таң қалдыратын қызық нәрсе.

Айқын көрініп тұрған нәрсе: Аллаһ Тағаланың өзінің

құзырына шақырған әрбір құл, бұл дүниеде намысты бо-

лып, ар-ұятпен, абыройлы болып өмір сүру керек екенді-

гін жақсы біледі. Сондықтан мына жалған дүниенің ал-