-32-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
құлды Аллаһқа апаратын мейірім, шапағат көпірі болып
табылады. Бұл шарапатты көпірдің шынайы жолаушы-
лары болып табылатын Аллаһтың әулие құлдарының
көңілдері Сәуір айында нөсерлете жауған жаңбырлардың
ірі-ірі маржандары секілді. Өздеріне сүйіспеншілікпен
жақындаған көңілдерді Аллаһтың көмегі арқылы мар-
жандай жарқыратады. Мәснәуи деген кітапта былай де-
лінеді:
«Сөздің иесі болған Аллаһ бұлтқа бір сыр айтты,
оның көзінен атқылаған су секілді жас төгіле бастады.
Гүлге бір сыр айтты, ол әр түрлі түспен және хош иіспен
безенді. Тасқа бір сыр айтқаны сол-ақ еді, ол қымбат
асыл тасқа айналды. Адамзатқа бір сыр берді, сол сыр-
ды сақтағандарды мәңгілік бақытқа бөледі. Яғни Ла-
тиф (әдемілік, көркемдік, сұлулық) сипатымен көрінген
Аллаһ, бұлыттан су ағызды; гүлді көркемдеді; тасты да
асыл тасқа айналдырды».
«Адамның бойына бір сыр берді. Сол сырды сақтап
жүргендерді Ол мәңгілік бақытқа бөледі. Иләһи әлемнен
шабыталғанбұлқұбылыстарзаттықәлемніңқұтылып,
Хаққа жақындау сырына жетті».
Бұл сырлар әр түрлі жағдайда көрініс тапса да,
сүйіспеншілік сыры екендігінде ешқандай күмән жоқ. Әр
нәрсенің кемелденуі және әдемі болуы махаббат сырына
жасырылған. Ақын қандай тамаша айтқан:
Күллі әлем нақыш, нақыш,
Махаббат сырымен...
Қаншама әлем жаратылған,
Махаббат сырымен...
Сырларды сұрама менен,
Жөнел махаббатқа қарай,
Ашылсын сырлар саған,
Махаббат сырымен..