Previous Page  27 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 278 Next Page
Page Background

-27-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жеттім. Жеңіске жетуімнің сыры – менің Пайғамбарға

деген махаббатымда еді».

(Суюти, әл Хасайсул Кубра І, 70)

Теңдесі жоқ осындай сүйіспеншілік арқасында әкеден

балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріле отырып, осы күнімізге

дейін жеткен Хазіреті Пайғамбардың мүбәрак сақал-

шаштары мешіттерде «сақал-шәриф» атымен сақталып

ғасырлардан бері үмметке мейірім көзі болып келеді.

Жоғарыда берілген мысалдарда көрсетілгеніндей,

Хазіреті Пайғамбарға деген махаббаттың шапағаты мен

берекесі тек қана рухани әлемге емес, сонымен қатар

заттық әлемге де өз әсерін тигізеді. Осыған орай ең ке-

ремет мысал - Осман мемлекеті болып табылады. Олар

өз мемлекеттерін көбінесе «Дәуләти Мухаммәдия»

деп атаған және ордыларындағы әрбір әскерді сол ұлы

пайғамбардың кішкентай бір үлгісі ретінде көріп, олар-

ды «Мехмедшік», яғни кішкентай Мұхаммед деп атаған.

Сондай-ақ Осман мемлекетінің тарихта өмір сүрген басқа

исламмемлекеттеріне қарағанда, ұзын ғұмыр кешуі, мем-

лекет адамдарының ерекше қасиеттерімен бірге олардың

ең маңыздысы Хазіреті Пайғамбарымызға деген құрмет

пен сүйіспеншілігінің шынайы болуында еді. Сөзімізді

дәлелдеу үшін төменде тағы бір-екі мысал келтірейік:

Дүние-жүзінің мұсылмандары Харамәйнге (Мекке-

Мәдина) оңай барып келулері үшін темір жол салдырған

ІІ Абдулхамит хан осы жолдар сүннетке сәйкес болсын

деп Хазіреті Пайғамбар демалып тоқтаған жерлерге те-

мір жол аялдамаларын жасатқан. Оның Пайғамбарға де-

ген сүйіспеншілігі темір жол салдыруында да көрінген.

Сондай-ақ темір жолының өзін махаббаттың арқасында

Мәдинаға жеткізген. Басқа бір мысал:

ОсманпатшаларыныңеңатақтысыМәдинақорғаушысы

Фахреддин Паша Расулуллаһтың рухы ренжіп қалар де-

ген қорқынышпен Пайғамбар мешітін жөндеуден өткізу