Previous Page  22 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 278 Next Page
Page Background

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тағында отырған, теңдесі жоқ сұлтанның есімін ешқашан

өшпейтін махаббат қаламымен жазу керек. Сонда ғана

көңілдеріміз өзіне берілген ұлы бағаның қадір қасиетін

қорғай алады.

Құран Кәрімде Хақ Тағаланың:ْ

�ِ��ِ�َ �ْ�َ

ْو َا

�ُ�َ�ِّ�َ�ُ�ِ�ُ �

نَ ا

�َ�َ ��َ

و

«Сен олардың арасында тұрғанда, Аллаһ оларды

азаптамайды!»

(Әнфал, 33)

деген аят кәримасы мүшриктер

(Аллаһқа серік қосушылар) үшін келген. Сонымен қатар

бұл аятқа ой жіберіп қарасақ, Ол Нұрының махаббатын

көңілінде тасып жүрген мұсылмандарға сүйінші және

сыйлықтар бар екенін көре аламыз. Қайсыбір мұсылман

адамның көңілі, қаншалықты Расулуллаһқа (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) деген сүйіспеншілікке толса,

соншалықтыАллаһтың азабынан, қаһарынан ұзақтайды.

Бұл Аллаһ Тағаланың уәдесі.

Демек көңілімізде Пайғамбарымызға деген махаббат-

ты таси білсек, Аллаһ Тағала бізді азаптамайды.

Әулиелер, пірлер көңіл айналарында ең таза, әдемі

нақыштар көрінсін деп жандарын оның махаббатымен

тазалайды.

Сыртқы айналарда тек сыртқы пішіні бар нәрселер,

көріністер мен түр-түстер ғана көрінеді. Әулиелер мен са-

лих адамдардың көңіл айналарында Пайғамбарымыздың

нұрынан шағылысқан нұрлар мен әдемі сезімдер, пікір-

лер, тілектер, иләһи нәр жарқырайды.

Әдемілер өздерін айнадан көргісі келеді. Өздерінің

әдеміліктерін сүйетін көздер мен көңілдер іздейді. Шек-

сіз де нақты әдемілік иесі болған Раббымыздың адамзат

пен ғаламды жаратуындағы сыр да осылай. Сондай-ақ

Аллаһтың:

-22-