Previous Page  24 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 278 Next Page
Page Background

-24-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

болсын, құрметке, махаббатқа ең лайық ерекше бір жа-

ратылыс. Оның махаббат атмосферасымен жетілген

тұлғалардың басында келетін сахабалар тілмен жеткізе

алмайтын бір сүйіспеншілікпен ғұмыр кешкен.

Сахабалардан бір әйел кісінің Пайғамбарына деген

сүйіспеншілігі былай көрінісі тапқан:

Қағбтың

қызы

Нәсибә

(радиаллаһу

анһә)

мұсылмандармен бірге «Ұхуд» соғысына қатысты. Өз

қолымен жасаған ыдысымен жаралыларға су жеткізіп

жүріп, мұсылмандардың жеңіліп бара жатқанын көрді.

Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанына

жүгіріп барды. Атылған оқтар мен тастарға өз кеудесін

тосып Пайғамбарымызды қорғап жатты. Осы екі арада

он екі жерінен жараланса да ешқандай қорықпады. Оның

бұл батырлығын тілге тиек етіп Пайғамбарымыз былай

деді:

«Ұхуд соғысы күні оң жағыма, сол жағыма қарасам

үнемі Нәсибәні көрдім. Мені қорғау үшін соғысып жаты».

(Ибн Сағд, Кәнзулуммал, 7/98)

Осылайша дінге деген ыстық сезімінің арқасында

соғыстарда

көрсеткен

қаһармандығы

үшін

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ілтипа-

тына, мадақтауына лайық болған Нәсибәнің (радиаллаһу

анһә) есімі көптеген үлгілі мұсылман әйелдердің бірі ре-

тінде Ислам тарихында өшпейтін әріптермен жазылды.

Тағы да махаббат туралы бір мысал:

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір сұхбатында Сәубән (радиаллаһу анһу) әбіржіген, ая-

ныштыкүйде өте терең ойменХабибұллаһқа қарап тұрды.

Әрине соншалықты аянышты халі Пайғамбарымызға

әсер етпей қоймады, сондықтан аса мейірімділікпен:

Ей, Сәубән! Бұл не жағдай?

- деп сұрады.