Previous Page  21 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 278 Next Page
Page Background

-21-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

пайғамбарлар әкелгеншариғат, яғни, дінизаңдылықтары

ол әкелген исламмен кемелденген.

Ұлы сұлтандардың аты жұма құтпаларында айтылып,

олар жайлы дастандар жазылады, олардың салтанаттары

бітпесін деп тілектер айтылады. Бірақ, уақыт өте келе, ол

сұлтандар да, салтанаттары да тарих сахнасынан шығып

қалады. Ал, Пайғамбарлардың аты оқылған құтпалар

олай емес, Пайғамбарлар мен олардың мирасқорлары

болған әулиелердің құрған салтанаттары мәңгібақи

қалады. Олар Хақ Тағала құзырында болғанындай,

көңілде де мәңгі жасай береді. Патшалар мен басқа да

мемлекет адамдарының салтанаттары пәни, алдамшы,

өтіп кетеді.

Ал, пайғамбарлар мен әулиелер құлдары Аллаһ

Тағалаға апаратын жолды көрсетуші, бастаушы. Олар

пәни дүниені бақи салтанатқа ауыстырып аттары

мәнгілікке жеткен, әрі зауалдан құтылған өзгеше жан-

дар. Олар Бәрзах (әруақ) әлемінде де, ақырет әлемінде де

салтанаттары жалғасын табатын рухани сұлтандар. Олар

дүниеде және ақыретте:َ

ن

�ُ�َ�ْ�َ� ْ�ُ�َ �َ

ْو

�ِ�ْ�َ�َ� ٌ

ْف

�َ� َ�ِ �

َء َا

��ِ�ْ

اَو

َاِن

�َ

ا

«Жақсылап біліп қойыңдар! Анығында Аллаһтың до-

старына қауіп-қатер жоқ. Олар қайғы-қасірет шекпейді

де».

(Юнус, 62)

Осы аят кәримада айтылғандай қауіпсіз өмір

сүреді.

Осы қадірлі рухтардан құралған топтың басын-

да пайғамбарлардың бас тәжі Хазіреті Мұхаммед

Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бар. Демек,

бүкіл патшалардың есімдері өшіп жатқанда, дүние мен

ақырет сұлтаны Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) мүбарак есімі жер мен көкте, көңілдерде

мәңгі жасай береді. Олай болса, көңілге дүниелік патша

мен олардың салтанаттарының аттарын емес, мәңгілік