Previous Page  25 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 278 Next Page
Page Background

-25-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ол өзіне көрсетілген бұл илтипаттың арқасында ма-

хаббат сарқырапасы халіне жеткен күйік көңілімен бы-

лай жауап берді:

– Әке-шешем, жаным сенің жолыңда құрбан болсын!

Ей, Аллаһтың елшісі! Саған деген ыстық сезім жан-

дүниемді өртеп барады, нұрыңды көрмей қалған әрбір сәт

мені астаң-кестең етеді. Мына жалғанда халім осындай

болса, ақыретте қалай болмақ! - деп уайымдап тұрмын. Ол

жақта сіз Пайғамбарлармен бірге боласыз, ал менің қай

жерде қалатыным белгісіз. Егер жәннатқа кіре алмасам,

сізді көруден мүлдем мақрұм боламын. Міне, осы ойлар

мені өртеп барады. Ей, Аллаһтың елшісі!

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Сәубан және сол сияқты осындай ыстық лебіздерін біл-

дірген сахабаларға және қияметке дейін келіп кететін

үмбетінен өзіне деген сүйіспеншілік, ғашықтық сезімін

білдіретіндерге төмендегідей сүйінші беріп кетті:

�َ�َ

ْا

�َ�َ �َ�ُ

ْء

�َ�ْ�َ

ا

«Кісі сүйгенімен бірге болады».

(Бухари, Әдеп, 96; Мүслим,

Бирр 165)

Әлбетте шынайы махаббат, мойынсұну, шын

көңілмен құшақ ашумен пайда болады.

Ол дүние салған күні сахабалардың қайғырғандары

соншалықты,оларбейнежанып,еріпбаражатқанмайшам

секілді еді. Оны бір сәт көрмей өмір сүру мүмкін емес деп

ойлағандықтан, жап-жарық болып тұрған күндері, бір-

ден қараңғылық басып, енді қайтып күн шықпайтындай

сезінді. Себебі оны бұл жалғанда қайтып көре алмайтын

еді. Сөзбен жеткізу мүмкін болмаған қиын сәт алдында

махаббат отының күйдіруіне және сүйіктісінен айрылуға

шыдай алмаған Абдуллаһ ибн Зәйд (радиаллаһу анһу)

қолдарын жайып, көкке көтеріп тұрып: