-29-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Осыншама күйген ғашықтар шейіттерін жуу
мүмкін бе? Өлік күйді, кебін күйді, сол шейітті жуатын
судың өзі күйді».
Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
деген махаббаттың ең әдемі және мағыналы болып іске
асқан көрінісі, оған мойынсұну. Нұр сүресінің 56-аятын-
да ұлы Раббымыз: َ
ن
�ُ�َ�ْ�ُ�ْ �ُ��
�َ�َ�َ
ُل
�� �
��
ُا ا
���ِ�َ
َة َو َا
�� �
��
ُا ا
��َ
َة َو َآ
� �
��
ا ا
�ُ��ِ�َ
و َا
«Намазға тұрыңдар, зекет беріңдер және Пайғамбарға
бойұсыныңдар. Мүмкін, сонда ғана мәрхаметке
бөленесіңдер»
- деп бұйырған. Сонымен қатар, «Сүйген
кісі ғашығының барлық нәрсе-сін сүйеді» деген дәстүр
бойынша, Аллаһтың сүйіктісіне жан-тәнімен бой ұсыну
шарт. Осындай ғашықтық, махаббат және бой ұсыну
Аллаһқа деген махаббаттың ірге тасын құрайды. Оған
бой ұсынбайтын ғашықтық Құран және сүннет жо-
лында қабылданбайды. Демек, Аллаһқа жетудің жолы
тек оған сүйіспеншілік көрсетіп бағыну арқылы бола-
ды. Құлшылықтағы руханият, қарым-қатынастағы
сыпайлық, мінездегі жұмсақтық, көңілдегі әдемілік,
жүздегі нұр, тілдегі көркемділік, сезімдегі нәзіктік,
өткірлік сияқты рухани байлықтар Хазреті Пайғамбарға
деген сүйіспеншіліктен жүректерге шағылысқан әсер.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Кел, ейкөңіл!Шынайымейрам - СүйіктіМұхаммедке
(аләйһиссәләм) қауышу! Себебі, дүниенің жарық болуы
оның мүбарак болмысының нұрынан».
Сондықтан Аллаһ
елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсетілген
сүйіспеншілік, Аллаһқа деген сүйіспеншілік жолын-
да адамбаласы жете алатын ең биік шың. Себебі Аллаһ
Тағала адамның бүкіл қабілетіне, шекара қойған. Ал,
иләһи болмыс бұл шекараның ар жағында, арғы жақтың
арғы жағында…