Previous Page  35 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 278 Next Page
Page Background

-35-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Күндер өтіп, мешітке жиналған сахабалар көбейген-ді.

Олар Пайғамбарымыздың мүбарак жүзін көре алмайтын

болды. Сондықтан олар:

«Уа, Расулаллаһ! Біз арқа жақта отырғандар көпшілік

көлегейлеп сіздің жүзіңізді көре алмайтын болдық,» -

деп арыздарын жеткізді. Сахабалар Пайғамбарымыздан

мешіттің ішінде мінбер жасалып, оның үстіне шығып

уағыз айтуын өтінді.

Мінбер жасалды. Енді бұдан кейін Жаратылыстың

да пайғамбарлардың да нұры болған Хз. Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мінберда отырып сұхбат

ететін еді. Бірақ мінберға шыққан алғашқы күні-ақ

күтпеген мұғжиза оқиға болды.

Екі дүние мырзасы енді құтпа оқуды бастағанда, ол

құрма түбіртегі еститін, көретін, қайғырып, сағынатын

адам сияқты ыңырсыған дауыс шығарды. Ол сондай

адамның ішін елжіретіп-ерітетін дауыс еді. Міне, осы

дауысты сол сұхбатта отырған үлкен-кіші, қария-жас

бәрі де естиді. Бұл көрініс бүкіл сахабаларды аң-таң

қалдырды. Иә, бір құрма ағашының түбіртегі осынша-

ма сүйіспеншілік, сағыныш көрсетуі таң қалдырмай

қоймайтын еді.

(Бухари, Мәнәкиб 25, Бүюғ 32)

Хазіреті Мәуләнә

бір өлең шумағында бұл оқиға жайлы қысқаша былай

дейді:

Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм) мінберден түсті де

мүбәрак қолдарымен құрма ағашының түбіртегін сипа-

лап тұрып:

–Ей, құрматүбіртегі!Не қалайсың?Негеыңырсисың?

Не болды саған?» -

деп сұрады.

Құрма шөркесі жыламсырап, өз тілімен былай деді:

– Уа, Расулаллаһ! Сенің орын ауыстыруың менің

ішімді өртеп жіберді. Ішіме тілмен айтып жеткізе ал-

майтын мұң, сағыныш толып қалды. Мұның алдын-

да құтпа кезінде сенің сүйеніп тұратын ең бақытты