Previous Page  36 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 278 Next Page
Page Background

-36-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сүйенішің едім. Енді мені тастап бір мінберге шығып

алдың. Бұдан кейін маған сүйенбейсің. Ей, Аллаһ Елшісі!

Өтінемін, айтшы, бұл дүниеде қай жаратылыс осындай

қоштасуға шыдай алады?!

Пайғамбарымыз (аләйһиссәләм) құрма түбіртегінің

осыншалықты сүйіспеншілігіне толқын оны жұбату

үшін:

– Ей, құрма түбіртегі! Сенің қайғыруың менен

айрылғаныңнан екен, ендеше менен қалаған нәрсеңді

сұра!

Қаласаң, Аллаһқа жалбарынайын! Сені шығыс пен

батыстағы бүкіл адам баласына жемісін беретін жап-

жасылтірі ағашетсін немесе сені жәннаткөшеті етсін!

Сол жерде мәңгібақи ең әдемі жас ағаш болып қаласың!

Расулуллаһтың осындай тамаша ыстық сезіміне ие

болған құрма түбіртегі ішінде махаббат оты жанып

тұрғандықтан, төмендегідей талап қойды.

– Уа, Расулаллаһ! Екеуін де қаламаймын. Тек менің

тілегім – сенің нұрыңда жоқ болу. Ол үшін мені көміп

жоқ етіп таста, мені мына пәни дүниеден құтқар! Се-

бебі, бір ағаш қаншалықты жас, әдемі болып тұрса да,

ол нәрін күн мен судан алады. Ал менің бүгінге дейінгі

өмірім, сенің нұрыңмен жалғасып келген болатын. Саған

сүйеніш болып, сенің ыстық денеңмен жылынып, сенімен

біргежанып күйден ләззаталдым. Мен енді бұлтәтті се-

зімдерден ләззаттан қалайша айрыламын. Мен мәңгілік

болған ләззатты қалаймын. Сондықтан мені көміп та-

ста да Сенің нұрыңмен араласып, нұрыңмен бірге тірі-

ліп, өзіңмен бірге мәңгі болайын!

Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қиямет күні адам сияқтытірілсін деп сол құрма түбіртегін

жерге көмдірді».

Ғибратқа толы бұл оқиға арқылы Хазіреті Мәуләнә

Мәснәуинде мынадай насихат айтады: