Previous Page  39 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 278 Next Page
Page Background

-39-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

және жаратылыс арасындағы байланысын алыстатады,

тіпті үзіп тастайды. Сондықтан тек қана ақылға сүйеніп

жолға шыққандардың сезімдері қатайып қалады. Ал,

ғаламдағы құбылыстардың тек сыртқы көріністерін

ғана емес, руханият пен ішкі жан-дүниесін көре алатын

дәрежеге жеткен парасаттылар болса, ақыл түсінбейтін

не теріс түсінген құбылыстарға еш уақытта тоқтап

қалмайды. Әулиелердің бұл көзқарасы, пікірі, сезімдері

тау-тастардың өзін қайран қалдырады.

Жанкөзіменкөрмейтіндержолынкөрмейтінсоқырдың

таяғы сияқты, өз ақылын пайдалануға мәжбүр болады.

Бұл таяқ жол үстіндегі бөгеттерді білдіріп құламауына

пайдасы тиіп тұрса да, әлбетте көзі көретін адамның

жүрісіндегі қауіпсіздік тәрізді болмайды.

Нағыз соқыр

екі көзі соқыр болғандар емес, жан

көздері көрмейтін адамдар. Әйтпесе екі көзі көр болып,

жан көзі көретін сондай хас құлдар бар, оларға терең

сырлар аян. Шындығында, Раббымыздың ең ұлы сыйы,

өзін және терең хикметтерін жан көзімен қарайтындарға

көрсетуі.

Жансыз нәрселердің не айтып жатқанын, ағаштардың

бұтақтарынан шыққан зікір дауыстарын, құрғақ бір

ақылмен түсінуге тырысу бос әурешілік.

Хазіреті Мәуләнәның баяны бойынша: жансыз

нәрселер өз тілдерімен былай дейді:

«Ей, Қараңғы, бейқам дам! Біз жансыз болсақ та

иләһи құдірет бізге әрекет пен білім берген. Бізге бүкіл

жаны бар нәрселердің қолдарынан келмейтін өнерлер

берілген. Сенің аузыңда, тілің де жаны жоқ құры бір

дене кезінде, жан беріп Аллаһ оларға әр түрлі сөздер

сөйлетпеді ме? Олай болса адам неге түсінбейді, Аллаһ

қалаған уақытында құрма ағашына қайғы-қасіретке

толы қоштасу өлеңін неге айтқызбасқа?..»