-33-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Түндер күндіз болар,
Өрлер теп-тегіс болар,
Адам өлімсіз болар,
Махаббат сырымен...
Яқуб қандай халге түсті,
Юсуф нендей халдер кешті,
Мұса Турды кезді,
Махаббат сырымен...
Хабиб (сүйікті) болды Мұхаммед,
Миғражды арнады Самәд,
Жол берді ежелден мәңгілікке
Махаббат сырымен...
Ей, Рахмети, жету мүмкін,
Гүл-шешек теру мүмкін,
Аллаһты көру мүмкін,
Махаббат сырымен...
Міне, осы сыр мен иленіп кемелденген пайғамбар мен
әулиелер тарих бойынша иманның кемелденуін махаббат
сырыменшыңғакөтергенжәнеадамзатжаратылысындағы
ұлы сезімді кемелдендірген шырақтар болған.
Хақ Тағала, біздерге сый ретінде Өзінің, Хабибінің
және риза болғандарының махаббатын нәсіп етсін!
Ақыретте азаптан құтылуымызға жетерліктей са-
лих амал иесі болмастан, жүректерімізді Өзіне деген
махаббаттың айбынды көріністерімен нұрландырмастан
бұрын жан деген аманатты қайтарып алмасын!
Әмин!