Previous Page  31 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 278 Next Page
Page Background

-31-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Тағала барлық иман жайында:

«Олар бір-біріне мархаматты, мейірімді…»

(Фатх, 29) -

деп баяндаған ақиқатқа әрбір мүмин назар аударуға тиіс.

Хадис шәрифте жақсы мінез-құлықтың;

«Келмегенге баруың, бермегенге беруің және саған

жамандық жасағанды кешіруің»

(Ихя Улумид-дин ІІІ,

1151)

түрінде түсіндірілуі де аталмыш бағытқа сілтеу

мақсатымен болған. Сондықтан мұсылмандар бір-бі-

рімен қарым-қатынас жасау барысында мейірімді-

лікпен сүйіспеншілік шеңберінен әсте шығып кетпе-

уі керек. Себебі, Аллаһты сүю мен оған жақындаудың

жолы – сүйіспеншілікте. Сондай-ақ ұлы әулиелердің

Аллаһтың құзырында қадірлі болулары жақсы мінез

қалыптастырулары және құлшылық етулері мен қатар

бүкіл тіршілік иелеріне сүйіспеншілікпен, мейірімді-

лікпен қарауларынан пайда болған. Сондықтан да аят

кәримада салихтармен бірге болуды бұйырған, тіпті

оларға пайғамбарға мұрагер болу мәртебесі сыйланған.

Қайсы бір құл Пайғамбардың (аләйһиссәләм)

нұрынан Аллаһ досы (әулие) арқылы нәсібін алса, ті-

келей Пайғамбардан (аләйһиссәләм) алынғандай бо-

лады. Дәл жанып тұрған майшамнан, басқа бір май

шамның жағылғаны сияқты. Майшамдарды жағып, ай-

наланы жарық етіп тұрған от – бір от. Сол секілді құл

майшамдардың ең соңғысы арқылы жарық көрсе де,

сол жарық ең алғашқы отпен жарқырағаны үшін ұдайы

түрде алғашқы нұрды шағылыстырады. Сондықтан

кімде-кім біліп не білмей басқа біреу арқылы иләһи

әдеміліктің тұтқыны болса, шын мәнінде қайран қалып

ғашық болған әдемілікАллаһ Тағаланікі және оның бүкіл

жаратылыстарға, соның ішінде адамға берілген көрінісі.

Ешқандай күмән жоқ, бұл ақиқаттың ең күштісі Хазі-

реті Пайғамбарда (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрініс

тапқан. Сондықтан да Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм)